Болашақ туралы эссе
Тірісінде адам баласын қатты қызықтыратын бір нәрсе бар.
Көргісі келседе көре алмайтын, білгісі келседе біле алмайтын осы бір қызықта, қымбат нәрсе "Болашақ"
Болашақ біздің алдағы өміріміз. Өмір үміттен тұрады. Ал, үміт біздің жетекшіміз. Бақытты болсақ, бай болсақ, ауырмасақ, өсіп-өнсек дегендей үкілі үміттің жетегімен кете береміз. "Құдайдан үміті бар пендеміз" дейді қазақ. "Азанғы нәсіп Алладан" дейтіні тағы бар.
Ертеңгі істі жоспарлап, сағаттың қоңырауын таңғы алтыға қойып алаңсыз ұйқыға кетеміз. Бірақ, таң нұрымен талса оянарыңа кепілдік барма? Жоқ әрине. Өйткені болашақты болжауға адам баласының құдіреті жете қойған жоқ. Алдағы күніміз бір Аллаға ғана аян. Ал, тірі пендені тіршілікке жетелейтін тек -үкілі үміт қана!
Иә, болашақты ешкімде болжай алмайды. Айнала айтқанда, Алла тағалланың өлшеп берген өмірінде пешенеңе жазғанын көрерсің! Аман болайық, ағайын!
Айдар Темірбекұлы