Нағашы ағамның қорлығы өтіп кетті
15-10-2022
"Нағашың!" -дегенде елең етпейтін қазақ жоқ шығар. Ер-азамттың үш жұртының ішіндегі нағашының алар орыны ерекше. "Қыздан туғанның қиығы жоқ!" -деп, кесіп айтқан қазақтың сөзі бар. Өз балаларынан бөліп-жармай, қуансаң бірге қуанып, қайғырсаң қасыңнан табылып, әрқашан тілеуіңді тілеп отыратын нағашыдай қомқоршы жұрт барма екен десеңші. Әзіл айтсаң көтеріп, артық кетсең кешіріп, "жиендік жасадым" десең де "жоқ" -демейді ғой жарықтықтар. "Балалығың ұстаса нағашыңа бар" дейді мұндайда. Жиеннің нағашыға деген еркелік назы бітпейді. "Қырық серкеш қарыз екенін" әрдайым есіне салып тұрады)
Қазақтар баласынан қисық-қыңыр мінез байқаса, "Нағашысына тартқан ғой" деп отыратыны бар. Мұндайда жауап ретінде: "Өзің жаман туасың, нағашыдан көресің" деп әзілдейді.
Ер-азаматтың арқа сүйер бір жұрты ретінде нағашының жолы үлкен. "Нағашымен күрессе жиен жығылады" деген бар. Жасының үлкендігіне қарамастан, жиеннің бірінші болып сәлем беруі өте орынды.
Жиенін өз қолымен үйлендіріп, үйлі қылып, енші бөліп беретін мәрт нағышылар да бар. Бірақ, нағашыдан қанша жақсылық көрсе де, Қазақ жігіттері өз жұртына бүйрегі бұрып тұрады. Түбі кетіп тынады. Бұл енді тек, қазақтарға тән тектіліктің бір ғана белгісі. Мұндай жағдайға нағашылар өкпелемейді. Берген малының да қайырымын сұрап жатпайды. "Жиен ел болмас деген осы" -дейді де қояды. Не деген мейрім, не деген түсінік десеңші...
Осындайда мына бір танымал өлең шумақтары еске түседі:
Үш жұрттың ұлығы деп, ұлысы деп,
Сөзінің бұрынғының дұрысы көп.
Мен сені жақсы көрем, нағашыжан,
Ардақты анашымның туысы деп.
..................................................
Жарқ етіп, жақсы аға, ақ маңдайың,
Тірей бер біздің үйге ат маңдайын.
Қараймын көкжиекке күнде тұрып,
Артыңда анам келе жатқандайын.
Құрметті оқырман: Әңгіме нағашы жайлы болғанда, кез-келген санасында саңылауыбар қазақ азаматы теріс пікір айта алмайды. Керсінше, нағашыға деген жып-жылы лебіздерін айтып, сағынышқа толы сағым жылдарын қимастықпен еске аларына сенімдімін!
"Ел болмасты ел қылған. Терезесін тең қылған" Нар тұлғалы нағашылар аман болсын!
Айдар Темірбекұлы