Марк Цукербергтен 10 кеңес

Oinet.kz 02-01-2020 631

Screenshot_1.jpg

1. Алдыңнан кездескен қателіктерден қашушы болсаң, сенің алдыңнан одан да үлкен қателіктер күтіп алады. Ең дұрысы сол қателіктерге мойынсұнбай, оны оқып үйрену керек. 

2. Мен өзімнің алдымнан кездесіп отырған қателіктерге бас игенімде, қазір Фейсбук өмірге келмес еді.

3. Мен бар болғаны өзімнің жұмысымды жақсы көрдім. Мен мыңдаған ІТ инженерлерді айналама жинап алып, кеңселерді ашып тастаймын деп басында ойлаған емеспін. 

4. Жасап жатқан жұмысыңа өзің құштар болсаң ғана сен өзіңді бақытты әрі табысты адам ретінде санай бер. 

5. Әлем қаншалықты жылдамдықпен өзгеріп жатса, сенің санаң да соншалықты жылдамдықпен өзгеріске түспесе, сені артта қала бересің. Артта қалмау тек бәсекеге тәуекел жасаушылардың ғана еншісінде. Өзіңді өзгертуші ретінде санасаң, ешкім бармаған тәуекелге алдымен сен бар. 

6. Ешқандай тәуекелге бармағаннан гөрі, қандай да бір іске тәуекел еткен әлдеқайда маңызды. 

7. Қателік мен үшін қарапайым жағдай. Мен миллиондаған қателіктер жіберген адаммын. Жақсы көрген ісіңді жасау барысында өз қателігіңді кешіру білу ең табысты адамның ғана ісі. Себебі менің әр қадамымда қателіктер жатты. 

8. Менің мақсатым мықты компания құру болған жоқ, менің басты миссиям әлемді прогресске бет бұрғызу еді. 

9. Маған ең алғашқыда ешкім сенген жоқ. Ал мен адамдардың менің айналама келетініне сендім. 

10. Ешкім жасамағанды жасайтын болсаң ғана сен өзгертуші боласың. 

Аударған Бекболат Қаржан

Баланың тез өсіп-жетілуіне әсер ететін факторлар
Әлімхан Ермеков өмірбаяны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу