Жұмбақ кейіпкердің аянышты тағдыры

Oinet.kz 23-07-2020 1239

Бала кезде мультфильм кейіпкерлерінің бес елі бағы бр екеніне күмәнімз болмады. Шын өмірдің айнасына теңеп кейіпкер балалардың керемет өмір сүретініне сендік. Қиялға бай мултьфильм кейіпкері Питер Пеннің неліктен есейгісі келмейтінін көп ұғынғымыз келетін. Жұмбақ тағдырдың құпиясын бірге ашайық!

Балалықтан даналыққа

123.jpg

Ертегі авторы Джеймс Барридің  (1860-1937) балалық шағында  қайғылы оқиға орын алады. Автордың 6 жасында ағасы Дэвид конькимен сырғанап жүріп ауыр жарақат алып көз жұмады. Анасы бірінші рет туған баласынан айрылу сезімін бастан кешірмесе де терең уаймның құшағына батады. Анасының көңіліне медет болу үшін Джеймс ағасының киімдерін киіп, әрекеттеріне елктейтін. 

Кейінірек анасы туралы "Маргарет Огилви" романында аянышты жағдаятты сипаттап кетеді. "Ол бөлмеге кіргенде, анасы үмітпен "Бұл сен бе?",- деді. Бала "жоқ, анашым, мен!",-деп жауап берді".

Қорқынышты шедевр

Мультфильмде Питер ешқашан ұлғаймайды. Бұл сипатты Джеймстің ағасы бала кезінде қаза тапқандығымен байланыстырушылар көп. Бірақ автор Дэвис есімді баланы 1897 жылы Кенсингтон бақшасында кезіктіреді. Ол кезде Дэвистің отбасында 3 ұл бала болатын. Балалардың қиял  ойынының арқасында ертегі сюжеттері құралып жүрді. Ағайындылардың бірінің есімі Питер болып, қаһарманнн солай аталды. Дэвиске Питер қуанышты естелік емес еді, өзін өмірден алшақ, психологиясының тек бір бөлшегі образ жасауға қатысқан ертегі кейіпкері деп қабылдағысы келмеді. Дэвис ертегіні "қорқынышты шедевр" деп бағалаған.

питер.jpg

Автор балалармен

Питер Пеннің прототипі - Майкл Дэвис. Джеймс Барри оның фотосуретінен иллюстрация жасады.  Тағдыр тек тәтті тәбәрік нәсіп етпейді. Аласы мен құласы қатар. Ұлдардың   әкесі 1907 жылы  саркомадан, көп ұзамай анасы қатерлі ісіктен қайтыс болды (1910 ж.). Жазушы бес ағайындыны қамқорлығына алып, оқытты.  

24питер.jpg

Питер Дэвис жазушы қайтыс болған соң,  23 жылдан кейін өзіне қол жұмсады. Бірақ Майкл Дэвис Барри аман қалды.Сүйікті адамы Руперт Бакстонмен бірге өмір сүрді. Дэвистің өмірі Питер Пендегі хикаяттарға ұқсас келді. Ертегіде Вендимен су бетіндегі қорқынышты бейнені көрмеу үшін көзін жұматын тұс бар. Дэвис те өмірінің көп қырымна "көзін жұма" қарады. Вендидің прототипі болған ару өмірде 5 жасында көз жұмған. Автор балалықтың бақытқа толы екенін ұқтырғысы келгенмен, мәңгілік ертегі баянсыз өмірдің экрандағы бейнесіндей. 

Жақсы өмір сүру үшін не істеу керек?
Бақытты болу үшін не істеу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу