Өсекші әйелдерге арналған жаза

Oinet.kz 01-06-2020 1497

Ертеде үш өсекші әйел болыпты. Олардың өсегіне ел кәдімгідей иланып қалады екен. Бірде Хан туралы өсек айтамын деп, жазаланыпты. 

image.png

Қаһарына мінген Хан: "Зынданда үш жыл жатсын, бәлкім сонда тілін жұтып жүрер" депті. Сөйтсе, әлгі үш әйел: "Бізді зынданға бірге жатқызыңыз" деп шырылдапты. Сөйтіп уәзірлеріне Хан: "Мына үш қатынды бірге жатқызшы. Көрейік, не туралы айтатынын?" депті де, үш жыл бақылауға алған ғой. Алайда, үшеуінің ауызы жабылмай таң атқаннан көздері ұйқыға кеткенше бүкіл елді шарлап шығады екен. Мыналарға дауа жоқ екен өзі деп таң қалыпты барлығы. Сонымен үш жыл да өте шығады. Ел әлгі үш өсекші әйелдің зынданнан шыққанын күтеді ғой баяғы. Сөйтсе, үшеуі зынданнан шыға салысымен, сыртта тағы үш сағат өсек соғыпты.  Мына суретте 1795 жылы Чехияда өсекші әйелдерді осылай жазалапты.

Алтайда кісікиік (қар адамы) әлі де бар
Бүгін ақын Мағжан Жұмабаевтың туған күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу