Күллі КСРО-ны уысында ұстаған ресейлік рэкеттердің қолбасшысы болған қазақ кім?

Oinet.kz 10-04-2020 3735

Өткен ғасырдың 70-80 жылдарында КСРО көлемінде заңсыз жолмен тәртіп орнататын рэкетирлер мен осы атты жамылған шибөрілердің қаптап кеткені рас. Бұл үрдіс кешегі 90- жылдарға дейін созылып келді. Мына қызықты қараңыз! Күллі КСРО халқын уысында ұстаған ресейлік рэкеттердің қолбасшысы – қазақ азаматы. «Моңғол» бүркеншік атымен танымал болған Геннадий Карьковті бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Атышулы рэкетирді толық танығыңыз келсе, әрі қарай оқыңыз.

Screenshot_8.jpg

Геннадий Карьков 1930 жылы 5-желтоқсан күні Нижегород облысында дүниеге келген. Оның сырт келбеті де, жан-дүниесі де азиаттық белгілерге толы болыпты. Нақтырақ айтсақ, бойындағы қазақтың қаны оның бүкіл болмысынан көрініс беріп тұрған. 1972 жылы темір торға қамалған Генаға «Моңғол» деген лақап атты атышулы қарақшы Владимир Бабушкин (Вася Бриллиант) қойған деген сыбыс бар.

«Моңғол» ел ішіндегі цехтардың басшыларының жолын кесіп, милиционерлердің қызметін қадағалаған. Қылмыс әлемінің серкесі атанған қазақтың балалық шағы туралы әңгімелер аз емес. Соғыстан кейін ол Кеңес Одағының астанасына келіп, өзінің «сүйікті ісімен» айналысады. Бірақ «Моңғолдың» жолы болғыш адам болғаны соншалық, ол біраз уақытқа дейін құқық қорғау қызметкерлерінің құрығына түсе қоймайды. Бірақ 1966 жылы ол кезекті жортуылдарының бірінде Киров ауданындағы милиционерге ұсталады. Артынша оған үш жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарып, түрмеге тоғытқан.

Пермь облысындағы еңбекпен түзеу лагеріне түскен Карьков түрмедегі «авторитеттерге» жақындаса бастайды. Бірақ түрменің патшасына айналған айтулы қылмыскерлер оны өз қатарларына қабылдай қоймайды. Кейін мерзімін өтеп шыққан Геннадий олардан қол үзгісі келмейді. Осынша уақыт сынақтан өткен «Моңғолды» абыройлы қылмыскерлер өз қанаттарының астына алды. Бірақ Гена олардың жазылмаған заңдарын жиі бұзатын еді. Карьков үлкен байлықты қалады. Сондықтан темір тордан босап шыққаннан кейін құрылыс компаниясына жұмысқа қабылданады.

Біреудің қолжаулығы болу – «Моңғолға» тән емес қасиет. Сол себепті ол өзінің жеке қылмыстық тобын ашып, ескі «жортуылдарын» қайта бастайды. Бұл уақыт 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басына тура келеді.

Сайын даланың төсінде жортқан шулан бөрі іспетті Карьков те біреудің адал нанына ортақтаспайтын. Оның жемтігіне пара алғандар, цех басшылығында отырып өзіне жағдай жасағандар, есірткі сатумен айналысатындар және ары таза емес милиция қызметкерлері айналатын.

Screenshot_7.jpg

Белгілі деректер бойынша, Карьковтің қылмыстық тобында шамамен 50-60 адам болған. Топта үш адамның маңызы зор болды. Біріншісі – «Япончик» лақап атымен танымал Вячеслав Иваньков, екіншісі – «Битумщик» атымен белгілі қылмыскер болса, үшіншісі – жүйке ауруына ұшыраған наркоман Палач.

«Моңғолдың» командасы 1971 жылы ғана қарқынды әрекет етті. Бірақ сол жылдары қазақ бастаған қылмыстық топ бірқатар қылмыстарды жүзеге асырып, атақтары аспандап кетті. «Моңғолдың» бір ерекшелігі – ол өзінен зардап шеккен адамның милицияға шағымдануына жол бермеген.

Карьков бастаған топтың мүшелері 1972 жылдың басында құрықталды. Алғашында «Моңғол» қылмысты мойындамаған. Артынан біраз куәгерлерді көргеннен кейін келісуден басқа амал қалмағанын түсінеді.

Карьков пен оның шашбауын көтеріп жүргендерге сот алғашында өлім жазасын кеседі. Бірақ бұл үкімге жәбірленуші тараптан тек қана бес адам келіскен. Сол себепті, «Моңғол» ұзақ мерзімге, яғни 15 жылға түрмеге жабылады. Темір тордың арғы жағында өткен 15 жылда Карьков қылмыс әлемінің ең абыройлыларының қатарына енеді. 1986 жылы мерзімін толық өтеп шыққан ол таза қылмыстық жолға түседі. Осы «кәсібінің» табысынан Франциядан үй сатып алған. Оған қоса, Мәскеудің бірқатар аудандарына өзінің «үкімдерін» жүргізіп отырыпты-мыс.

Қылмыс әлемінің генералы Геннадий Карьков 90 жылдардың басында Блохин атындағы онкологиялық орталықта созылмалы аурудың асқынуынан қайтыс болды.

Дереккөз:HOLANEWS

Қазақ хандығы бастау алған жер
Алтайда кісікиік (қар адамы) әлі де бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу