Маймақов пен Көмекбаева неге жазаға тартылмай жүр?

Oinet.kz 03-07-2009 1097

Screenshot_11.jpg

Облыста бiлiм және денсаулық сақтау мекемелерiнде заң бұзушылықтар көп. Осылардың үстiнен қарап отырған бiрiншi басшылар неге жазаланбайды? Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментiнiң бастығы Мұратқали Хайруллин облыс әкiмi Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен осы аптада өткен сыбайлас жемқолыққа қарсы күрес жөнiндегi комиссияның кезектi мәжiлiсiнде сауалды осылайша қабырғасынан қойды. Кінәлілердің ешқайсысы жазадан жалтара алмайтынын, айыбы анықталса шұғыл түрде қызметінен қош айтысатынын қадап  айтқан облыс бұл басқармалардың басшыларына, яғни облыстық білім басқармасының бастығы Балқия Көмекбаева мен облыстық денсаулық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әнауарбек Маймақовқа алдағы уақытта қандай шара қолданатыны белгісіз. Мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаларды бұзу әсiресе, бiлiм, денсаулық сақтау мекемелерiнде көп кездеседi екен. Себебi, бұл мекемелердiң бiрiншi басшылары шаруашылық жайын жақсы бiлмейдi. Сондықтан қаржы полицейлерi мектеп директорларын, бас дәрiгерлердi шаруашылық жұмыстардан босатып, оны кәсiби мамандардың үлесiнде қалдырған дұрыс деген ұсыныс бiлдiрдi.

Соңғы кездері белсенділігі тым күшейіп кеткен, қарқыны да өте-мөте жоғары қаржы полициясын басқаратын Хайруллиннің орынбасары Д.Исаев та одан қалыса қойған жоқ.  Оның айтуынша, басшылардың тендерге қатысатын фирмалардан 10 пайыз “откат” алуы әлi күнге жалғасып келедi. Бұған дейiн ол 15 пайыз болған көрiнедi. “Заң бойынша кез-келген мемлекеттiк органның басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзуi керек. Алайда, бұл  қағаз жүзiнде ғана солай. Басшылар күреспек түгiлi жемқорлыққа жағдай жасап берiп отыр. Тендер төңiрегiнде “бармақ басты, көз қысты” әрекеттердiң үдеп бара жатқанына қарап осындай ой түюге болады. Айталық, “қара тiзiмге” алынған мердiгер компаниялар ешқашан  тендерге қатыспауы керек делiген қағида көпе көрiнеу бұзылуда. Нақты мысал келтiрер болсақ, бұған дейiн басшысы қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған “Қуаныш-2” фирмасына 2008 жылы Түркiстандағы мектеп құрылысы сенiп тапсырылған”дейді ол.  

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшiн не iстеу керек? Мәжiлiске қатысқан құқық қорғау органдарының басшылары өздерiнiң ойларын ашық бiлдiрдi.

- Кейiнгi кездерi жоқ үйдi кепiлге қойып, банктен несие алу фактiлерi көбейдi,--дедi облыс прокуроры Марат Ахметжанов. --Әрине, алаяқтар жазаланып жатыр. Бiрақ, банк және жылжымайтын мүлiк орталығы қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi де қаралуы керек. Сонда мұндай фактiлерге алдағы уақыта жол берiлмейдi. Сол сияқты мемлекеттiк қызметкерлер арасындағы жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударған жөн.

Мәжiлiсте облыс әкiмi:

-1 шiлдеден бастап кәсiпкерлiктi тексеруге жарияланған мароторийдың күшi жойылды. Ендi бiз арнайы комиссия құрып, құрылыс компанияларын тексерудемiз. Бiздiң облыста базасы бар 50-ден астам компания бар.  Ал, базасы жоқтар одан бiрнеше есе көп. Аты бар да заты жоқ ондай компаниялардың лицензиясы қайтарылып алынуы керек,--дедi. 

Бiр таңқаларлығы, тиiстi жаза қолданылғанымен, жемқорлық әрекеттерге тоқтам болмай тұр. Егер естерiңiзде болса, өткен наурызда құқық қорғау органдарының Үйлестiру кеңесiнде заңсыз берiлген субсидияның жайы қаралып, оған жол бергендердiң алды қылмыстық соңы тәртiптiк жазаға тартылған. Бұл сабақ болмаған тәрiздi. Өйткенi прокурорлар одан бергi аралықта осы салада тағы оншақты фактiнiң анықталғанын жария еттi.

Бензин мен цемент қымбаттады
Жұмыссыздар 25 мың теңге жалақысы бар жұмысқа барғысы келмейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу