Әйтімова желіде таралған аудиохабарламаға қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желілерде көмек сұрайтын көпбалалы аналардың әрекетін сынға дыбыстық хабарлама таралуда. Аудио хабарламада сенатор Бірғаным Әйтімованың суреті жүр деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл жайында естіген депутат пікір білдіруді жөн көрген.
"Ондай менің ойыма да кіріп-шыққан емес, себебі мен де көпбалалы отбасынан шыққанмын. Біз - төртеуміз. Бұл жалған және маған еш қатысы жоқ, ойша болсын, сөзбен болсын мұндай болуы мүмкін емес. Ашулы екенім рас. Мен оның кім екенін білмеймін, оның кімге керек болғанын да түсінбеймін", - дейді Әйтімова.
Сенат депутаты бұған дейін көпбалалы отбасыларға көрсетілген көмектің аз болғанын жеткізді.
Оның сөзінше, енді мәселеге ерекше мән беріліп, елімізде алғаш рет әр отбасының әлеуметтік картасы жасалып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда, көпбалалы отбасыларда, мүгедек адамы бар отбасылар көмек көрсетіледі.