Аң аулауға тыйым салынған

Oinet.kz 22-07-2017 1275

Screenshot_1.jpg

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұңғыш ұлттық табиғи парк ретінде ҚР Үкіметінің №52 қаулысымен 2006 жылы 26 қаңтарда құрылған. Жер көлемі - 149037,1гектар. Табиғи парк аумағы облыстағы Қазығұрт, Төлеби және Түлкібас аудандарының Батыс Тянь-Шаньға кіретін таулы аймақтары мен тау етегіндегі жазықтарды қамтиды. Олардың теңіз денгейінен биіктігі – 600  метрден  4236 метрге дейінгі аралықта.

Ұлттық табиғи паркімізде, өсімдіктердің 1635 түрі өседі, оның ішінде 200-ге тарта дәрілік өсімдіктер, сүтқоректілердің 59, құстардың 300-дей түрі мекендейді. Осы аталған өсімдіктер мен аң-құстарымыздың сирек кездесетін яғни жойылып кету қауіпі төнген өсімдіктердің 62 түрі, аңдардың 10 және құстардың 30 түрі  “Қызыл кітапқа” енгізілген.

Табиғатты қорғау жөнінде қолға алынған игі шаралардың нәтижесінде аң-құстардың түрлерін сақтап қалуға, санын көбейтуге қол жеткізіп отырмыз. Дегенмен, аң-құстарды заңсыз аулау  фактілері  тыйылмай  отыр. Сұғанақтық біздің табиғатымызға елеулі зиян келтіретін заңсыз әрекет. Өңіріміздегі жануарлар дүниесін молайту жолындағы «үлкен кесірдің» бірі топтасқан жыртқыш аң – қасқырлар болса, екіншісі осы сұғанақ қол аңшылар. Олардың табиғат төріне сұғанақтықпен кіріп, аңдарды аяусыз аулап, атып, қырғандығынан жабайы аңдар маусым аралығында көшіп ауысатын миграциялық жолдарынан үркіп, секем алып өз мекендерін тастап, тыныштық іздеп, басқа жаққа ауып кететінін біле бермейді. Солай бола тұра, «мен арқардың құлжасын ғана атамын» деп мақтанатын сұғанаққол аңшылардың осы мәселенің мағынасын терең түсіне білмеуі, олардың қарақшы – аңшы екендігін білдіреді. 

Жануарлар дүниесі объектілерін аулау мақсатында іздеу, ізін кесу және ізіне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алынған өнімдері бар, қарғыбауынан босатылған аң аулайтын иттері мен аңшы жыртқыш құстары бар адамдар аң аулауға шыққандарға теңестіріледі.

Бүгінгі таңда ұлттық парк аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар занының 48 бабына  сәйкес, маусымдық немесе басқада мақсаттарда, жалпы аң аулауға тыйым салынған.  

Естеріңізде болсын! Заңсыз аң аулау, жануарлар дүниесін сұғанақтық жолмен пайдалану, қолданылған құралдары мен жасаған іс-әрекетіне қарай, ҚР Қылмыстық кодексінің 337-339 баптарына сәйкес  бес жылға дейінгі бас бостандығын айыру жазасы немесе бес мың АЕК-ке дейін айыппұл мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382 бабының 3  бөлігінде көзделген ЕҚТА жасалған әрекет әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылып, заттары және құралы тәркілене отырып, жеке тұлғаларға жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыруға әкеп соғады.

Тамаша табиғат біздің қолдағы бар байлығымыз. Сұлулығымен ерекшеленген қоршаған ортаның құбылыстарын тілмен тізбелеп айтып жеткізу мүмкін емес. Алайда тіршіліктің тұтқасы болған табиғат үшін ұшқан құс, жүгірген аңның орны бөлек.

Құрметті еліміздің тұрғындары, табиғатымыздың байлығы аң – құстарымызды келешек ұрпақ үшін сақтайық, сұғанақтыққа жол бермейік.

Ғ. Баймахов,    

Сайрам-Өгем мелекеттік ұлттық табиғи  паркінің табиғи кешендерді қорғау бөлімінің бас маманы

​Айткүл Қылышбай: «Қартайған шағымда сот қаңғыртып жіберді»
3,5 миллион кәріс соғысқа әзір
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу