Мамандықсыз жүрген мамандар

Oinet.kz 07-11-2019 2003

Мамандық.jpg

Бүгінде халықтың санасы көшедегі өсек-аяңды теретін деңгейге жетіп қалды десек артық айтқандық емес. Себебі, экраннан көрсетіліп жатқан кілең рейтинг қуалайтын бағдарламалар мен жұлдыздардың өмірі халықтың жанын ауыртып бітті. Қадамыңды шамалы шалт бассаң, басың дауға ілігіп, аяғы айғайға айналады. Көк жәшікті қоса қалсаң, бітті, жердегі " жұлдыздардан" көз сүрінеді. Кейбір арналардағы мен-мен деген бағдарламалардың тізгінін ұстап жүргендер де, осы жұлдыз аға-әпкелеріміз. Сонда қарап отырып, от тілді, орақ ауызды, аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін кәдуілгі, тісқаққан журналисттерді іздей бастайсың.  Атам қазақ әуел бастан "Шымшық сойсада қасапшы сойсын" деп ұрпағына ұлағатты сөз тастап кетпеп пе еді?! Әрине, жоқ деп аузымызды құр шөппен сүрте салмаймыз. Десек те, нағыз маман иелері таразының төменгі тарапын иеленіп тұрғаны хақ. Әрі әртіс, әрі әнші аға-апаларымыздың бір емес, бірнеше кәсіптің тасын өрге домалатып жүргеніне ризамыз-ау. Алайда, дипломды қолтыққа қысып, талайдың табалдырығын тоздырып жүрген журналист қауымының мұңын мұңдар жан бар-ма екен, сірә? 

Сөзімізге дәлел ретінде Хабар арнасындағы "Ана мен бала" , Ұлттық арнадағы "Таңшолпан" бағдарламаларын айтсақ болады. Аталған жобалардың жүргізушілері көпке танымал Қарақат Әбілдина мен Гүлнұр Оразымбетова қыздарыңыз. Тағы сол сияқты, отандық телеарналардағы біраз жобалар шоу сипатында болғанымен қоса, кейбіреулері өнер жұлдыздарының өміріне арналғандай. Аптасына 1 рет болсын "Мәселе"  және аптамалық-сараптамалық бағдарламалардың эфирге шығып отыруы көз қуантады әрине. Бұл бағдарламалар ел ішіндегі, қоғамдағы түйткілді мәселелерді сөз етеді. Оның шешімін табуды көздейді. Саяси, әлеуметтік бағдарламаларды былай қойғанда, тарихи-танымдық деректі фильм немесе жобалардың да бәсі жоғары болмауда. 

Алаш қозғалысының 100 жылдығы секілді маңызды даталар теледидардан тыс қалды. Оның орнына рейтинг қуалаған арналарымыз  терме, жыр емес, әспеттейтіндері тек - эстрада "жұлдыздары" болып тұр.  Бұлай жалғаса берсе шоу-бизнес өкілдері мамандық иелерін көгілдір экраннан түбегейлі ығыстыруы мүмкін. Сондықтан да кейбір арналарымыз көпшілікті ойын-сауыққа еліртіп, экранды арзанқол дүниелер алаңына айналдырмаса екен дейміз!

Бақдәулет Анарбай

Отырар ауданы, Жаңа шілік ауылы

Дистимия деген не?
Жалпыұлттық деу - жалпақшешейлік емес пе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу