Елде 500 мың адам тұрақты түрде бәс тігеді

Oinet.kz 30-01-2026 41

Қазақстан халқының 29%-ы құмар ойындар мен лотереяларға қатысып көрген. Бұл дерек елде лудомания мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсетеді. Мәліметті ҚР Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков мәлімдеді деп жазады Оinet.kz порталы.

image.png

Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет республикалық деңгейде жүргізілген ауқымды әлеуметтанулық зерттеу еліміздегі құмар ойындардың нақты ауқымын ашып көрсетті. Зерттеуге Қазақстанның барлық өңірінен 6 мың адам қатысқан. Нәтижесінде халықтың 29%-ы (әрбір үшінші азамат) құмар ойындар мен лотереяларға қатысып көргені анықталды. Сонымен қатар халықтың шамамен 4%-ы заңсыз букмекерлік кеңселер мен интернет-казинолардың клиенті болып шыққан.

Ресми дерекке сәйкес, бүгінде елде 500 мыңға жуық адам құмар ойындар мен лотереяларға тұрақты түрде қатысады. Ал 15 мыңға тарта азамат лудомания тұрғысынан тәуекел аймағында тұр.

Зерттеу нәтижелері тұрақты ойыншылардың басым бөлігі өз өміріне қанағаттанбайтын адамдар екенін көрсеткен. Тәуекел тобына негізінен қалада тұратын, ажырасқан немесе бойдақ, жасы 24–29 аралығындағы ер адамдар жатады. Олардың көпшілігі бәс тігуді табыс көзі деп қабылдайды. Мамандар мұны құмар ойынға тәуелділікке апаратын басты қателік деп отыр.

Вице-министрдің айтуынша, жиналған деректер тәуекел тобына кіретін азаматтармен нақты, атаулы жұмыс жүргізуге және алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Серік Егізбаев бір палаталы Құрылтайдың рөлін түсіндірді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу