Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Алхатай Ошақбаев, ОҚО мамандандырылған туберкулезге қарсы «Балықшы» санаториясының бас дәрігері
- Қоғамды алаңдатып отырған әлеуметтік ауру туберкулездің бүгінгі таңда көрсеткіші қандай?
- Халқымыз «құрт ауруы» деп атап кеткен туберкулез қазақ халқына сырттан келген. Аурудың қазақ еліне «ауысу» тарихына көз жүгіртсек, Ұлы жібек жолында ұлтымыздың көршілес елдермен, әсіресе Қытаймен қарым-қатынас жасауы, қазақ жастарының білім жолында шетел асып оқуы, қызметте болуы туберкулездің жуғуына әсерін тигізді. Сол уақыттан бері бұл кесел қазақ қоғамы үшін әлеуметтік мәселеге айналды. Қазіргі таңда ОҚО бойынша 2016 жылдың 3 айында туберкулез бойынша белсенді топта 1866 науқас тіркелген, оның ішінде 966-ы көптеген дәріге, 900-і кең ауқымды дәріге көнбейтін туберкулез. 2035 жылы Қазақстан халқы туберкулезбен аурушаңдығы нольге теңесіп, туберкулезді толығымен жеңеміз деп күтілуде. Алайда, мүмкіндігінше пилоттық жобамен әр қадамға пайымдап барып көшкен дұрыс болар ма еді. Олай дегенім бүгінгі таңда туберкулездің эпидемиологиялық жағдайын ашық айтудың арқасында балалар, жасөспірімдер аурушаңдығы көрсеткіші өсіп тұрса, жүкті әйелдер мен босанған әйелдердің құрт ауыруы төмендемей отыр. Бірінші рет ауырып қалғандар арасында кең ауқымды туберкулезге қарсы препараттарға сезімталдығы жоқ науқастар саны кей аудандарда 70%-дан асып отыр. Олардың арасында өкпеден тыс туберкулездің саны 22%-дан асып кеткен. Туберкулезбен медицина қызметкерлерінің ауырып қалуы төмендегенімен жылына 10-шақты аурушаңдық тіркелуде.
- Дертіне дауа іздеп келген жандарға қандай ем, қызмет көрсетілуде?
- Санаториялық емнің бірінші мақсаты - кең ауқымды туберкулезге қарсы препараттарға сезімталдығы жоқ туберкулездің алдын-алу. Себебі соңғы жылдары туберкулезді емдеуге арналған этиотропты дәрілерге сезімталдық жоқ науқастар саны артуда. Ем іздеген жандарға біздің мекеме фтизиатрия, травматология және ортопедия, жалпы терапия, стоматология, медициналық реабилитация (ЕЖЖ (ЛФК), физиотерапия, массаж, фитотерапия), зертханалық диагностика, ультрадыбыстық зерттеу, рентгенологиялық зерттеу, фармацевтикалық қызмет, еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы қызметтерін көрсетеді. Санатория 230 орынға арналған. Төрт бөлімше бар: сүйек буын туберкулез, өкпе туберкулез бөлімі №1, өкпе туберкулез бөлімі №2, оңалту бөлімі. Санаторийде науқастың күн тәртібін сақтауы толыққанды тамақтану, таза ауамен демалу, саумал ішу, туберкулезге қарсы препараттарды тікелей қадағалау әдісімен қатаң түрде қабылдау, қосалқы диагноздары бойынша ем қабылдау- осының бәрі науқастың иммунитетін көтеріп, туберкулез ауруынан толық жазылып, өкпеде туберкулез процессінің қалдықты өзгерістерінің қалмауына әкеледі. Санаториялық емнің екінші мақсаты: науқастардың туберкулезбен қайталап (рецидив) ауырып қалмауына септігін тигізеді. «Балықшы» санаториіндегі 70 төсектік №1 өкпе туберкулезі бөлімшесі 1965 жылы саманнан салынған бір қабатты ғимараттың тозығы жеткендіктен, техникалық- сараптама тұжырымдамасы дайындалып, денсаулық сақтау басқармасының құрылыс –техникалық бөліміне тапсырылған болатын. Енді 2017-2018 жылдары 100 төсектік емдеу бөлімінің құрылысына қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру керек. 70 төсектік емдеу бөліміне қажетті құрал-жабдықтарды төсек- орны қыстартылған туберкулезге қарсы диспансерлердің балансынан алу жоспарлануда.
- Туберкулез дертіне шалдыққандарға халықтық ем ұсынушылар да көп, олардың арасында қайсысы және қаншалықты тиімді?
- Құрт ауруының бірден - бір емі ретінде ата-бабамыз биенің сүтін, яғни саумалды пайдаланған. Санаторийде науқастарға туберкулезге қарсы препараттармен қатар, көрсетіліміне сәйкес патогенетикалық, симптоматикалық, физио ем, массаж, фитотерапия, емдік жаттығулар жиынтығы тағайындалады. Сонымен қатар келушілерді саумалмен емдеу үшін 2012 жылы енгізілген «Саумал- денсаулық нәрі» бағдарламасы қабылданған. Саумалдың құрамындағы линоль, линоленді, арахидонды май қышқылдары қорғаныш жүйесін көтеріп туберкулез бактериялырының дамуын тежейді. Сондай-ақ, май қышқылдарының антиоксидаттық, бактерия жойғыш қабынуға қарсы әсері бар. Бие сүтінің құрамында 30 түрлі дәрумен, 40 түрлі иммуноглобулин, ферменттер бар болса, 1 литр бие сүтінде -20 гр аққуыз, 70 гр сүт қанты, 800 мг кальций, 500 мг фосфор, сондай-ақ калии натрий, кобальт, мыс, йод, марганец, алюминий, темір бар. Бұл микроэлементтер тін зат алмасуына оң әсерін тигізеді. Бие сүтінің ақуыз құрамында 50 % альбумин, 50 % казеин кездеседі. Бие сүтінде лактоза және глюкозаның пайызы өте жоғары. Сүт ферменттері –лактоферин, лактопериоксидаза теріні суландырып дақтарды кетіріп ағартады, терінің жаңаруын жақсартады. Бие сүтіндегі «С» дәрумені ағзаның ауруға қарсы тұруын арттырады. «Е» дәрумені атеросклероздың алдын-алып қандағы холестеринді азайтады. «А» дәрумені жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, қартаю процесін тежейді. «В» дәрумені аққуыз және сутегі зат алмасуларын реттейді. Бие сүтінде «А» дәрумені жазда көп болады, «Е» дәрумені көктемде көп болады. Қазақ биесінің 1 литр сүтінде 593 ккал бар. Ең пайдалы бие сүті -таңғы сүті. Саумалды биені сауа салысымен 30 мин ішінде қабылдау тамырларын тазалайды, жүйке жүйесін тыныштандырады, ас қорыту жүйесін жақсартады. Шипасы мол саумалды біздің мамандар науқастарға күніне 2 рет 200-400 мл мөлшерде береді. Саумалды жүйелі түрде қабылдау өкпедегі туберкулез процессінің рентгенологиялық бақылауда қатайып сіңірілуі жеделдейді, өкпе тінінің репарациясын жақсартады. Халық емінің пайдасын біздер жоққа шығармаймыз. Сол себепті 2015 жылдың мамыр айынан бастап мекемеде фитотерапия енгізілді. Яғни мия, шатырлақ, исланд мүгі, мыңжапырақты емдеу ісіне қолданамыз. Алайда, халықтық ем осы екен деп науқасқа әркімнің кеңесі арқылы шөпті немесе басқа да бір заттарды ішкізуге болмайды. Мәселен иттің еті, майы құрт ауруына ем деген қате түсінік. Себебі иттің еті бауырдың қызметін нашарлатады, туберкулездің асқынған түріне алып келеді. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану адам денсаулығы үшін өте маңызды. Аурудың алдын- алу әр адамның өз қолында. Ал медицина 10 пайыз жағдайда ғана адам жанына араша бола алатынын ұмытпаған жөн.
- Сізді медицина саласында қандай мәселе алаңдатады?
- Алаңдататын мәселе көп қой. Бәріне тоқталмай өз салама қатыстысын айтайын. Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу барысында жағдайына қарай емдеудің басқа категориясына ауыстыруға тура келеді. Алайда, жергілікті мамандар науқастарды біріншіден екіншіге, кейін үшінші, төртінші категорияға жылдам уақытта ауыстырып, емдеуде. Соңынан симптоматикалық емге арнайы ем қонбады деп, оларды оқшаулап жатырмыз. Қазіргі таңда тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана оқшауланған 53 науқас тіркеліп отыр. Айта кететін тағы бір жәйт, біздер кезінде Ресейдің ғалымдарына көбірек сенетін едік. Ал қазіргі Қазақстан ғалымдары Бостон, Хьюстон сынды мектептердің сөзіне көбірек құлақ асатын секілді.
Сұхбаттасқан. Айнұр Асанқызы,
«Рейтинг» газеті №21, 2 маусым 2016 жыл