«Қаңғыбастың» қастандығы

Oinet.kz 27-03-2024 1046

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚК) Қырғызстан басшылығына қастандық жасамақ болған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Screenshot_4.jpg

Тараған мәліметке қарағанда, шетел азаматтары мен мемлекетаралық іздеуде болуы мүмкін тұлғалардың арасынан ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін анықтау және жолын кесуге бағытталған жедел іс-шараларды ұйымдастыру барысында трансұлттық ұйымның мүшелері – Әзірбайжанның 5 азаматы анықталды. Алынған жедел дерекке сенсек, қылмыс әлемінде «қаңғыбас» деген лақап атымен белгілі М. О. Асгаров қылмыстық ортаны нығайту және ұрылар идеологиясын тарату, сондай-ақ өзінің мәртебесін арттыру мақсатында мемлекет жүргізіп жатқан ОПГ-ға қарсы белсенді күрес саясатына байланысты ел басшылығына қастандық жасау үшін серіктестерімен қырғыз аумағына келген. 

Осыған байланысты Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 2024 жылғы 22 наурызда жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде жоғарыда аталған тұлғалардың барлығы ұсталды. Қазіргі уақытта оларды ел заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Тәжіктерді алаңдатқан теракт
Орталық Азиядағы ең бақытты ел
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу