Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Алдыңғы жылы Өзбекстандағы фирмалар Ресейге 5 млн долларға, ал 2023 жылдың тоғыз айында 8.7 млн долларға мақта целлюлозасын жеткізген. Ресей осы шикізаттың жартысынан астамын Өзбекстаннан алып отырған. Мақта өндірісі Өзбекстан экономикасының маңызды бағыттарының бірі. Мемлекет әлі күнге дейін экономиканың осы саласын бақылауда ұстап отыр, деп хабарлады ВВС телеарнасының Орыс қызметі.
Өзбекстаннан тонналап мақта целлюлозасын импорттаудың себебі де мәлім болып отыр. Ресей өзінің әскери зауыттарында оқдәрі мен снаряд өндіреді екен. BBC телеарнасының Орыс қызметі журналистерінің зерттеуінде осындай мәлімет жарияланды. Мақта целлюлозасы оқдәрі мен снаряд өндірісінде шикізат ретінде пайдаланылады. «Важные историй», Vlast.Kz және Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықты зерттеу жөніндегі орталығы (OCCRP) бірлесіп жүргізген зерттеуде Украинада соғыс басталғалы бері астыртын сауда көлемі еселеп артқаны айтылған. 2020 жылы Өзбекстан мемлекеттік қорғаныс өндірісі комитеті Қазан оқдәрі зауытымен келісімге отырған. Татарстан сауда министрлігі таратқан ресми мәліметте Ресей Өзбекстанға оқдәрі жеткізуге, ал Өзбекстан Ресейге мақта целлюлозасын беруге келіскені жазылған.
Журналистер зерттеуіне қарағанда, 2019 жылы Қазан оқдәрі зауыты Өзбекстаннан 48 тонна мақта целлюлозасын, ал 2022 жылы және 2023 жылдың басында Ферғана химия комбинатынан 2,1 млн долларға 1225 тонна шикізат сатып алған. Осы мәліметтерге қарап-ақ сауда 2019 жылдан бастап 25 есе ұлғайғанын байқауға болады. Ферғана химия зауыты Ресейдегі басқа да әскери зауыттарға шикізат жеткізіп отыр. Мысалы, Перм оқдәрі зауыты 26 тонна, ал Алексинск химия зауыты 79 тонна целлюлоза сатып алған. Өзбек шикізатын сатып алғандар арасында Тамбов оқдәрі зауыты да бар. 2022 жылы бұл зауыт Өзбекстандағы «Raw materials cellulose» компаниясымен 253 тонна целлюлоза сатып алу жөнінде келісімге отырған.