«Ордабасыға» бюджеттен 4, 3 млрд теңге бөлінді

Oinet.kz 30-01-2024 381

Былтыр «Ордабасы» футбол командасы 32 жылдық тарихында алғаш рет ел чемпионы атанған болатын. Дегенмен, клубтың жылдар бойы қордаланған қарызы 4,2 млрд теңгеге жеткен. 

Screenshot_12.jpg

Қазіргі таңда клуб берешегі толықтай жабылып, УЕФА чемпиондар лигасына қатысатыны ескеріліп, жергілікті бюджет есебінен биылға 4, 3 млрд теңге қаржы бөлінді. «Ордабасы» клубы Еурокубок ойындарына қарызсыз қатысатын болады. Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесуде айтылды. Алдағы уақытта қаражаттың тиімді жұмсалып, команданың нәтижелі ойын көрсетуіне тікелей клуб президенті Б.Абдубаитов жауапты. «Биыл «Бозарық» елді мекенінде 35 мың орынға есептелген стадион құрылысын бастап, 2 жылда, яғни 2026 жылдың ортасына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. «Қажымұқан» стадионы туралы да көпшіліктің арасында әртүрлі алыпқашпа ақпараттар таралуда. Оның бәрі негізсіз. Бұл стадионды да реконструкциядан өткізіп, команданың қосалқы алаңына және жеңіл атлетикадан ұлттық команда жаттығатын орынға айналдыратын боламыз», – деді Ғ.Сыздықбеков. 

Сондай-ақ «OTAU GROUP» құрылыс компаниясы командаға 1 млрд теңге көлемінде қаржы бөліп, бас демеуші болуға ниет білдірген. Клуб президенті Б.Абдубаитов 2023 жылдың басында ойыншылармен 2 жыл мерзімге келісімшарт жасалғанын, оның бұзылмайтынын және 2025 жылға дейін команда құрамының өзгермейтінін мәлімдеді. 

Айта кетелік, қазақстандық маман Ринат Алюетов түркістандық «Тұран» командасына бас бапкер қызметіне тағайындалды. Р.Алюетов 1989 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданында дүниеге келген. Бапкерлік жолын 2019 жылы «Алтай» сапында бастаған. «Жетісу», «Елімай», «Жеңіс» командаларының бас бапкері қызметін атқарған. Былтырғы маусымда астаналық «Жеңіс» клубын премьер-лигаға шығарды. 

Италияда жазықсыз жазаланып 32 жылын түрмеде өткізген ер адам ақталып шықты
345 миллион адам аштық зардабын тартып жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу