Италияда жазықсыз жазаланып 32 жылын түрмеде өткізген ер адам ақталып шықты

Oinet.kz 29-01-2024 419

Үш адамды өлтірді деп айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталушының адвокаты ауысып, іс қайта қаралды. Римнің апелляциялық соты нақақтан жазаланып, өмірінің 32 жылын түрмеде өткізген адамды толықтай ақтап шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Euronews басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Беньямино Зункедду 1991 жылы қаңтарда Сардиниядағы Синнай қаласында үш адамды өлтірді деп айыпталғанда небары 26 жаста еді.

Ер адамды оқыс оқиғадан кейін бір ай өткен соң қамауға алды. Өйткені шабуылдан аман қалған куәгерлердің бірі оны қылмыскер деп таныды. Сот айғақтарға сүйене отырып 1992 жылдың маусымында Зункеддудың “қылмысқа еш қатысым жоқ” деген мәлімдемесіне қарамастан оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.

2017 жылы сотталушының адвокаты ауысып, ол қылмыстық істе бірқатар дүниенің сәйкес келмейтінін анықтайды. Кейінірек басты куәгердің өзі қылмыскердің түр-әлпетін көрмегенін мойындап, түсініктемесінен бас тартады. Оның сөзіне сенсек, полиция қызметкерлерінің бірі оған қылмыскер дәл осы Зункедду деп айтқан.

2023 жылдың қарашасында Беньямино Зункедду босатылды, ал 27 қаңтарда апелляциялық сот оның кінәсіз екенін растады.

Ал Сардиниядағы үш адамды өлітірген шынайы қылмыскердің кім екенін құқық қорғау органдары сол күйі тапқан жоқ. 

«Иранның радикалды топтары екенін білеміз»: Иордания-Сирия шекарасында үш адам қаза тапқан
«Ордабасыға» бюджеттен 4, 3 млрд теңге бөлінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу