Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Газа секторында опат болған палестиналықтардың саны 25 мыңнан асты. Бұл туралы Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Өткен жылдың 7 қазанында басталған қақтығыстан 62 мыңға жуық тұрғын әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Ал, Израильдің Қорғаныс әскері Дараджа және Туффа маңында болған шабуылдан соңғы тәулікте ХАМАС-тың 15 қарулы қызметкері қаза тапқанын хабарлайды. Сонымен қатар, олар Ливандағы «Хезболла» жедел командалық орталығына шабуыл жасалған.
Газада ахуал ушығып, халықтың басым бөлігі ашқұрсақ күйде, әбден мазасы қашқан. Көбісі Рафах лагерінде бас сауғалап жүр. Мұнда еріктілер нан пісіріп, осында қоныстанған палестиналықтарға таратып жатыр. Наубайханада күніне 22 мың дана нан пісірілетіндіктен балалардан артылар емес. Бұл жерге жергілікті халықтан бөлек, 1 миллионға жуық палестиналық көшіп келген. Еріктілер сол себепті тұрғындарға нан өнімдерін түгел жеткізу мүмкін емес екенін айтады. Ал, қайырымдылық қорының директоры ақпарат құралдарына берген сұхбатында бұл жоба халықаралық ұйымдар мен Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Франция және басқа да елдерден келген жомарт жандар тарапынан қолдау тауып отырған мәлім етті. Сондай-ақ оның айтуынша, қазір өндірісті екі есеге арттырып, осында қоныстанған палестиналықтардың барлығын нан өнімдерімен қамту үшін екінші наубайхана ашу бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр.
Айта кетелік, әлемнің бірқатар елінде тұрғындар атысты тоқтатуды талап етіп шеруге шықты. Мысалы, Брюссель тұрғындары Газа секторында атысты дереу тоқтатуды талап етіп, 9 мыңға жуық адам орталық көшеге жиналды. Олар «Азат Палестинаға тиіспе!» деген ұранмен Израиль билігін айыптады. Тұрғындар 7 қазандағы шабуыл үшін палестиналықтарды ұжымдық тұрғыдан жазалау қатыгездік деп есептейді.