Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Дубайдағы Мейдан ипподромында өткен беделді бәйгеде қазақстандық Кабирхан атты тұлпар жеңіске жеткен болатын. Жарысқа 13 жылқы қатысып, екі шақырым қашықтықта шабандоз Пэт Доббс мінген Кабирхан мәре сызығын бірінші болып кесті.
Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Ат иесінің айтуынша, сәйгүлікті сат деп қолқа салғандар көп болған. Тұлпардың иесі Тілек Мұханбетқалиев Ұлттық спорт қауымдастығының «ютуб» арнасына берген эксклюзивті сұхбатында ат сыншылары Кабирханды 100 жылда бір туатын тұлпар деп бағалаған. Бәйгеге 9 рет қатысып, соның сегізінде бірінші, тек біреуінен екінші келген тұлпарға атбегілердің назары бірден ауған. «Кабирханды сат дегендер көп болды. Ресейден де сұрады. Бірақ, келісе алмадық. Қанша ұсынғандары құпия болып қалсын. Ең көбі 1 миллион доллар берді, сатпадым»,– дейді аттың иесі. Жарыстарға қатысқан сайын Кабирханның рейтингі өсе түскен. «Біраз жүлде ұтты. Өз-өзін ақтап қойған. Ресейде 5,5 миллион рубль ұтты, теңгеге шақсақ 27 миллион теңге. Ал Дубайда 126 мың дирхем жеңді. Енді оны курспен есептесек 35 мың АҚШ доллары»,– деді Тілек Мұханбетқалиев.