Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Өзбекстан Олий Мәжілісінің Сенаты Парламент палаталарының өкілеттіктерін елдің жаңартылған Конституциясына сәйкес өзгертуге бағытталған заңнаманы мақұлдады. Сенаттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, Парламент палаталарының бір-бірін қайталайтын өкілеттіктері нақтыланды.
Енді сенаторлардың жалпы саны 100-ден 65-ке дейін қысқарады. Бұл ретте әрбір әкімшілік аумақтан 4 сенатордан сайланады, ал қалған 9 депутатты Президент тағайындайды. Сондай-ақ, заң шығару палатасы спикерінің орынбасарлары 7-ден 2-ге дейін қысқарады. Олар өз міндетін атқару кезеңінде фракция құрамында болмайды және саяси партияға мүшелігін тоқтата тұрады. Бұған қоса заң шығару палатасы мен Сенатқа өзін-өзі тарату өкілеттігі беріледі. Бұл жағдайда заң шығару палатасындағы жаңа сайлау 2 ай аралығында, ал Сенаттың жаңа құрамы бір ай ішінде жасақталуы тиіс. «Сенаттың құрамы мен комитеттердің атауларын, сондай-ақ заң шығару палатасы спикері орынбасарларының саны мен мәртебесін айқындайтын заңның ережелерін 2024 жылы іске асыру жоспарланып отыр», делінген Сенаттың баспасөз қызметі хабарламасында.