Тасмағамбетовке түскен таңдау нені білдіреді?

Oinet.kz 05-12-2022 858

Screenshot_7.jpg

Жаңа жылдан бастап Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы бас хатшысының міндетін Иманғали Тасмағамбетов атқаратын болады. Сайлаудан кейінгі ең басты жаңалық осы болды. Карьерасы бітті деген Тасмағамбетов осылайша ойламаған жерден халықаралық деңгейдегі әскери ұйымының басшылығына келді. Бұл Тасмағамбетовтың үлкен саясатқа қайта оралғанын білдіре ме?

Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшылығына  өте қиын шақта келді. Ереванда өткен ұйымға мүше елдер басшыларының басқосуында Арменияның премьері Пашинян ҰҚШҰ-ның  Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығысқа қатысты нақты ұстанымының жоқтығын айтты. Халықаралық жағдай да ушығып тұр. Ресейдің Украинаның төрт облысын өзіне қосып алғаны белгілі. Ертең соғыста Ресейдің жағдайы қиындаса, ҰҚШҰ-дан көмек сұраса, қандай шешім қабылданады? Ұйымға мүше елдер Қырғызстан мен Тәжікстан биылдың өзінде бірнеше мәрте шоқысып қалды. Мұндай жағдай кім-кімге болысады?

Таңдаудың Тасмағамбетовке түскені нені білдіреді? Бұған сарапшылар не дейді? «Караван кз» порталында осы сауалға қатысты бірқатар сарапшылар пікір білдіріпті. Белгілі саясаттанушы Марат Шибұтовтың айтуынша, Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болған. Яғни бұл салада біраз тәжірибесі бар. Ол сонымен бірге Ресейде елші қызметін атқарды.  Ресейде оның таныс-тамырлары көп. Бұл Кремль үшін өте маңызды. Саяси шолушы Ғазиз Әбішевтің ойынша, Тасмағамбетовтың кандидатурасы бәріне қолайлы. Оның  Путинмен кемі жиырма жылдан бері жеке таныстығы бар. Тіпті ол «КамАЗ» сияқты  алпауыт кәсіпорынның Директорлар кеңесінің құрамына да кіреді. 

Журналист Болат Амантаевтың пікірінше, бұл тағайындау бірінші кезекте Тоқаевтың таңдауы. Сайлауға бес күн қалғанда Тасмағамбетов Тоқаевты қолдау жөнінде үндеу жариялады.  Үндеуінде ол Тоқаевтың атына біраз мақтаулар айтты. Мұның бәрі алдын ала келісілген. 

Ал енді бұл тағайындау Қазақстанға не береді? 

Түркістан мен Шымкентте сенатордың шекпені кімге бұйырады?
Келесі Премьер кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу