Ердорған Путиннің досы
23-05-2023
Белгілі саясаткер Петр Свойк «Зона. Кз» порталына берген сұхбатында Қазақстанның келесі премьер-министрінің кім болатынын айтты. Оның ойынша, Қазақстан үкіметін Серік Жұманғарин басқаруы әбден мүмкін.
Свойктің ойынша, Президенттің Жолдауы мен сайлауалды бағдарламасы экономиканы демонополизациялауға негізделген. Ал Жұманғарин ұзақ жылдары антимонополия, бағаны реттеу салаларында еңбек етті. Қазір сауда министрі әрі вице-премьер қызметін атқарады. Жұманғарин үкімет құрамындағы ең танымал, жарқын және Президенттің жоғарыдағы демонополизация саясатын жақсы білетін шенеунік саналады.
Айта кетері, Конституция бойынша Қазақстанда Үкімет Парламент сайлауынан кейін отставкіге кетеді. Ал Парламент сайлауы келесі жылдың бірінші жартыжылдығында өтуі тиіс.
Серік Жұманғариннің жасы 53-те. Шенеуніктің жолын Ақтөбе қалалық әкімдігінде бастаған. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры, «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры, Өңірлік даму вице-министрі, Ұлттық экономика вице-министрі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қызметтерін атқарған. Биыл 15 тамыздан бастап Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалып, 2 қыркүйекте ол бұл қызметке Президент Жарлығымен бекітілді.