Олжас Сыдықбек: «Анам пародияны менен де жақсы салады»
Көпшілікке танымал пародист, журналист Олжас Сыдықбек бала күнінде хирург болуды армандаған екен. «Свобода слова» газетіне берген сұхбатында ол осылай депті.
--Бәрі КазГу-ды оқып жүрген кезден басталды. Студент кезімде мен деканымызды пародиялайтынмын. Бірде Тәуелсіздік күні мерекесінде Ренат Кертаевпен бірге «Хабардағы» «Бетпе-бетті» көрсеттік. Ренат Нұртілеу Иманғалиұлын, ал мен үш қонақты—Бекболат Тілеуханды, Жүрсін Ермановты және деканымыз Бауыржан Жақыпты ойнадым. Зал біздің әзілімізді қабылдап, ұзақ уақыт қол соғумен болды. Осыдан кейін мен сахнадан кеткім келмеді. «Терісқақпай» театрында көптеген танымал адамдарды пародиялауды бастадым,--дейді Олжас.
Олжас қазір пародист қана емес көптеген салтанатты іс-шараларды жүргізетін шоумен.
--Бұл саладан табатын табысым өзіме жетеді. Мені өздерінің тойларында көргісі келетіндерге қоятын талабым қатаң емес. Бесжұлдызды қонақ үйде, вип номер, ұшақта бизнес классты талап етиеймін. Алдын алап хабарласып, келіссе жетіп жатыр,--деген шоумен өзінің алатын ақысын бәрібір ашық айтпапты. Ал ол өзінің өткен өмірі туралы былай дейді:
--Ата-анамның тұңғышымын. Екі қарындасым университетте сабақ береді. Тағы бір інім бар. Ата-анам Алматыда тұрады. Анам мектепте 25 жылдан бері француз тілінен сабақ береді. Анам пародияны менен де жақсы салады. Бірақ ол өзінің өнерін бізден басқа ешкімге көрсете бермейді. Әрине, анам шығармашылық саладағы маман емес, бірақ оның тума таланты бар. Менің сахнадағы өнеріме ол үнемі риза болып отырады, сонымен бірге сынап, үйретіп те тұрады.
Мұрағаттан: 19.03.2015