Шымкентте бірқатар мәдениет, білім мекемелерінің атауы өзгермек
Шымкент қаласындағы бірқатар мәдениет және білім мекемелерінің атауы өзгеретін болды. Қалалық әкімдіктің сайтында осыған қатысты үкімет қаулысының жобасы жарияланды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Онда былай делінген:
- Шымкент қаласының білім басқармасының «№ 72 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сағадат Нұрмағамбетовтың есімі берілсін. Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Шымкент қаласының білім басқармасының «Хамза атындағы №53 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласының білім басқармасының «Сабыр Рақымов атындағы №53 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
Айта кетері, құжаттың әзірге жоба екендігі көрсетілген.