Ильхам Әлиев: Әзірбайжан өз жерінде екінші армян мемлекетінің құрылуына жол бермейді

Oinet.kz 28-09-2020 1006

Әзірбайжан тарихи әділеттілікті қалпына келтіруі тиіс. Дәлірегі Әзірбайжан билігі Әзірбайжан мемлекетінің аумақтық тұтастығын қалпына келтіретін болады. Ильхам Әлиев Таулы-Қарабахтағы қақтығысқа қатысты осылай деп мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

- Бұған дейін де айтқанымдай, бұл мәселені Әзірбайжан халқының көңілінен шығатындай етіп шешуіміз керек. Мәселенің жарым-жартылай шешілгенін қаламаймыз. Жерімізді ешкімге бермейміз. Әзірбайжан өз жерінде екінші армян мемлекетінің құрылуына жол бермейді, - деді президент. 

Ал Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Әзірбайжанның бүкіл армян халқына соғыс жариялағанын мәлім етті. Ол бұған лайықты жауап берілетінін  ескертті. Премьер халықаралық қауымдастықты бұл іске Түркияның араласуына жол бермеуге шақырды.

Елбасы Түркістанға келді
Қазақстан Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу