«Бүгін түнде аспаннан вирус шашады» Министрлік осы ақпараттың мән-жайын түсіндірді

Oinet.kz 01-07-2020 5528

Әлеуметтік желіде «Түнде вирусты көшеге шашады», «Ұшақпен жүріп ауру себеді екен» деген ақпараттар, аудиожазбалар таралып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлім етті деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_11.jpg

«Құрметті халайық, сіздерден әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөзге жүгінулеріңізді сұраймыз. Барлық расталған ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алуға болады» делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада. 

Сондай-ақ, министрлік көрінеу жалған ақпарат таратқан адамдардың ҚР ҚК 274-бабы - «Көрінеу жалған ақапарат тарату» бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салды.

Владимир Ким мақтааралдықтарға арнап 1 миллиард теңге аударды
Тоқаев Назарбаевтың Президент болатынын 35 жыл бұрын айтып қойған екен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу