Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Күлия Айдарбекова, Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы
- Күлия Смайылханқызы, өткен жыл Оңтүстіктің мәдениет саласы үшін қаншалықты табысты болды?
- Бір жылда басқармамыздың атқарған жұмыстары шаш етектен. Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Бір қарағанда сахнаға әншілердің ән айтып, бишілердің би билегені жәй ғана өте салған концерт болып көрінуі мүмкін. Бірақ сол бір ғана концертті ұйымдастырудың артында жүздеген қызметкердің төккен терлері жатыр. Өткен жылы облыстағы театрлар ел ішінде және шетелдерге 80 гастрольдік іссапарларда болып, одан 81 миллион теңге қаржы түсіпті. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымының өзі 11 гастрольдік концертті өткізді. Өткен жылдың басты оқиғасы ретінде облысымыздың «Ән шашуым өзіңе, меерейлі Астанам» атты тақырыпппен Астана қаласында мәдениет күндерінің өткендігін атауға болады. Бас қалада біздің әзіл-сықақ және сатира театры, Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының өнерпаздары көпшіліктің көңілінен шыққан қойылмыдарды көрермендер назарына ұсынды. Сондай-ақ қолөнер, қылқалам шеберлерінің туындылары көрме-экспозицияға қойылды. Жылан жылы облысты елең еткізген оқиғалардың бірі «Отырар» кітпаханасының ашылуы деп есептеймін. Ежелгі Отырар кітапханасы Александрия кітапханасынан кейінгі жер бетіндегі ең ірі, қоры мол кітапхананың бірі болған. Сол кітапхана күйреген ғасырдан бері ата-бабамызға, жалпы қазақ жұртшылығына осындай кітапхананың қайта жаңғыруы арман болып келді. Тәуелсіздік жылдарынан бері облысымызда сәулеті мен көркі жарасқан «Отырар» кітапханасы алғаш бой көтерген кітапхана болып отыр. Тарихымызды танытатын мұражайларға келушілердің саны жыл сайын артып келеді. Бұл қызметкерлердің халыққа қалтықсыз қызмет көрсетіп отырғаныдығының айғағы. Былтыр осы мұражайлардың шетелдік мұражайлармен байланыс орнату тәжірибесі қолға аланып, Германияның Бохум қаласында өткен «Бейтаныс Қазақстан: Азия жүрегіндегі археология» атты көрмесіне жергілікті мұражайларымыздың 160-тан астам құнды жәдігерлері қойылды. Енді тізбектей берсең атқарылған жұмыстар өте көп.
- «Оңтүстік-цирк» ұжымының қойылымдары соңғы кездері ел ауызынан түспей жүр. Жас өнер ордасы облыстың басты эмблемасына айналып келе жатқандай...
- Дұрыс айтасыз. Спорт пен өнердің ордасы - цирк алғаш рет қаладан ашылғанда қалай болар екен деп аздап абыржыған едік. Сөйтсек клоун, акробат тағы да басқа мамандар өзімізден шығып, циркті аз уақыттың ішінде биік белестерге шығарды. Қазақстан түгілі шетелдің бірқатар елдеріне танылып, қазақ циркінің мықтылығын мойындатып үлгерді. «Оңтүстік- цирк» мекемесі былтыр бір жылдың ішінде екі бағдарлама әзірлеп, Түркияға барып қайтты. Ондағы көрермендер қатты ризашылығын білдірді. Облысымызға былтырға қарағанда гастрольдік сапармен келген цирк ұжымдары да көп болды. Мәселен Ресей, Қытай, Украина, Кения, Варшава елдері мен Астана, Алматы цирктері Шымкенттің төрінде өнер көрсетті. Бұл біздің жас циркіміз үшін үлкен жетістік деп білемін.
- Жалпы Оңтүстіктің өнері, мәдениеті өзге облыстардан несімен ерекшеленеді?
- Бүгінде еліміздің ұйытқысына айналып отырған Оңтүстіктің өнері өзге аймақтарға үлгі болып отыр. Біз қашаннан бері қазақы қалыптан айнымаған, ата-дәстүрге берік болып, ұлттың рухани құндылықтарды ұлықтап келеміз. Сондықтан біздің мәдениетіміз қай кезеңде болмасын жоғары тұрған. Құдайға шүкір, Отанымыздың қай бұрышына барсақ та біздің өңірдің өнерін халық жоғары бағалауда. Астана, Тараз қалаларына іссапараға барғанда тұрғындар, қонақтар біздің ұжымға алғысын білдіріп, «Сендердің өнерлерің біздікінен әлдеқайда биікте екен», -деп таңданыстарын білдірді. Оңтүстіктегі театрлардың басты ерекшелігі көп дауыстылық. Сахнаға жеке орындаушыдан гөрі он, жиырма адам қосылып бір әнді шырқаса тартымды әрі әсерлі көрінеді. Эстраданың дәурені жүріп тұрған заманда дәстүрлі әндерді насихаттап, жаңғырту сауапты іс деп айтар едім. Біз осы істі көптен бері нысанамызға алып келеміз. Өткен жылы бастау алған игі жобаны биыл жалғастыруды қолға алдық. Ол жоба біз естімеген ән, біз естімеген күй, біз естемеген термелерді жинақтап, елге тарату. Қазірдің өзінде 300-ден астам сирек айтылатын, ұмыт қалған ән-жырларды таптық. Ендігі жұмыс осы жәдігерлерді нотаға түсіріп, кітапқа басып, таспаларға көшіру. Мұндай ауқымды әрекет негізінен үлкен, құзырлы мекемелдердің, институттардың ауқымына сиятын шаруа. Осындай көлемді жұмыстарды біздің басқарманың қызметкерлдері бел жазбай атқаруда.
- Ендеше басқарма ұжымына сәттілік тілейміз!