Авика Гор: «Ананди маған танымалдылық алып келді»
«Қазақстан» Ұлттық арасынан беріліп жатқан «Келін» сериалындағы Ананди рөлін сомдаған үндінің актрисасы Авика Гор қазір Үндістандағы ең танымал адамдардың бірі саналады. Жас қыздың бойындағы қабілетіне, ерекше сүйкімділігіне бүкіл әлем тәнті болды десек артық айтпағанымыз. Авика 1997 жылы 30 маусымда дүниеге келген. «Келін» сериалына 2008 жылдан бастап түсе бастады. Осы фильмге түсіп болған соң Авика журналистердің «Келін» сіздің өміріңізді өзгертті ме?» деген сауалына былай деп жауап беріпті.
-Иә, көп өзгертті. Мен «Келін» сериалына дейін бірнеше фильмдерге түстім. Бірақ Ананди рөлі ғана маған танымалдылық алып келді. Осы сериалға дейін төрт ай бойы мені ешқандай түсірілімге шақырған жоқ еді. Сериалға түсіп болған соң маған өте көп ұсыныстар түсті.
Алғашқыда «Келін» сериалында Анандидің рөлі бар-жоғы 80 эпизод болу тиіс еді, алайда көрерменнің мені жақсы көргені соншалықты режиссердің оны 515 эпизодтқа ұзартуына тура келді. Анандидің рөлі тағдырдың маған берген бақыты деп білемін.
Дегенмен мен қазір көрерменге көп қырлы екендігімізді көрсетсем ба деймі. Жұрт Анандиге үйреніп қалды. Бірақ мен басқа қырымнан танылғым келеді. Осы сериалдан кейін Sasural Simar Ka сериалында Роли деген келіншектің рөлін сомдадым. Ананди менің оң қолым болса, Ролли менің сол қолым болады деп ойлаймын.
- «Келін» сериалын қазір де көресіз бе?
-Иә, көремін.
- Сыныптас достарыңыздың сізге деген көзқарасы қалай?
- Олар мені бұрын келін деп атаушы еді, қазір Ролли дейді.
- Болашағыңызды актрисалық жолмен байланыстырғыңыз келеді ме?
- Мен сұлулық байқауында бас жүлдені жеңіп алып, актрисалық карьерама жол ашсам ба деймін Осыдан кейін Боливудтың жұлдызы болуды армандаймын.
- Қазір сіздің досыңыз бар ма?
- Жоқ, мен әлі жаспын ғой. Оның үстіне жігіттер жағы менімен танысуға жүрексінетін сияқты.
- «Келін» сериалына түскен соң сіз аза бастадыңыз. Диета ұстанасыз ба?
-Жоқ мен диета ұстамаймын. Бала күнімнен жаттығу жасағанды ұнатамын. Қазір аэробикамен айналасып жүрмін.