Бексұлтан Тұтқышев: «Емдеу мекемесін бас дәрігер емес, менеджер басқаруы тиіс»

Oinet.kz 20-07-2017 1032

Screenshot_4.jpg

Бексұлтан Тұтқышев, медицина ғылымдарының кандидаты

Біздегі бас дәрігерлерге ғана емес, барлық басқарушыларға ортақ кемшілік– басшыларды тағайындағанда оның кімнің туысы, көкесінің кім екеніне мән беріліп жатады. Біреудің бауыры, күйеу баласы, келіні... Бұл жазылмаған заңдылыққа айналып кеткен дәстүр. Бірақ, дәстүрдің озығымен қатар тозығы да болады. Тозығынан арылмасақ болмайды. Мұндай басшылар бір-біріне нұқсан келмеуді ойлап өзіне сеніп тапсырылған мекемедегі кем-кетікті жаба тоқуға, жасыруға ұмтылып сыбайластыққа, мемлекет қаржысының жымқырылуына, ысырап болуына, тіпті жемқорлыққа да жол беріп қояды. Жеке мүдделерді мемлекеттен жоғары қойғандардың талайы ұсталып, үстерінен қылмыстық істер қозғалып, сотталып та кетіп жатыр ғой. 

Біз мамандығын жетік меңгерген мамандарды сатылап өсіріп,  тағайындап жүрміз. Бір жағынан алғанда бұл да әділетті шығар. Ол мықты хирург, педиатр, гинекологтан мықты үйлестіруші шықпауы мүмкін. Солай болып жатқанын кейбір кем-кетіктерден байқап та жүрміз. 7 жыл оқып, ізденіп, білітілігін арттыруға талай жылдарын арнаған мықты маманның бас дәрігер болып мекеменің шаруашылық жұмыстарымен шұғылданғаны маған ұнамайды. Бас дәрігер болған соң оған ұжыммен жұмыс істеуге, үйлестіруге, қызметкерлерді көтеруге, ынталандыруға, біліктіліктерін арттыруға көбірек мән беруге тура келеді. Осының бәріне үлгеру қажет. Бұдан кейін басшының өз саласы емдеу ісімен тиісті деңгейде айналысып жатқанына сену де қиын, оған уақыты да жетпейді ғой. Сол себепті қазіргі мемлекеттік медицина басшыларының көбісі мықты үйлестурші деп айта алмаймын.Бас дәрігерлердің осал тұсы осы.  

Бұрын  КСРО кезінде бас дәрігер бір жылда 365 күн болса, соның 340 күнінде өзі басқаратын мекемедегі төсек орындардың бос болмауын басты назарда ұстануы тиіс болатын. Екіншіден, айлық жалақыны уақытылы берілуіне, науқастарға дәрі-дәрмектің мерзімінде жеткізілуіне жауапты болды. Жыл сайын 1 қаңтар мен 31 желтоқсанға дейін бюджеттен бөлінетін жалақы мен дәрі-дәрмекке қанша қаржы жұмсалатаны алдын ала белгіленетін. Ол кезде қазіргідей препараттардың бағасының өзгеруіне байланысты деп бюджет қаржысын қайта-қайта қарастыру деген болмайтын. Өйткені дәрі-дәрмек қымбаттамайтын, арзандамаса... Басқа шаруашылыққа қатысты жұмыстарға да жыл сайын үздіксіз қаражат бөлініп тұратын. Ол кезде солай болғанмен қазіргі талаптар басқаша. Негізінде мен айтып отырған міндеттердің барлығы бас дәрігерге жүктелмеуі керек. Медицина маманы сол мекеменің емдеу ісімен айналысуы тиіс. Ал мемлекеттің ақшасын босқа шашпай, 6-7 жыл оқыған мықты маманнан айырылып қалмау үшін медицина мекемесін басқаруды бас менеджерге берген дұрыс. Әрине, бас менеджердің тым болмағанда фелдьшердің білімі болуы тиіс.Жалпы медицина туралы түсінігі, парасат-пайымы болуы керек.

Біз бұл мәселені 1997 жылы көтергенбіз. Ол кезде  Қазақстанда медицина менеджері  мамандығы мүлдем оқытылмайтын. Қазір медициналық университет, академияларда медицина менеджерлерін оқытып,  даярлап жатыр. Елбасы межесі алдыңғы қатардағы дамыған 30 елдің қатарына ену үшін ең алдымен Констититуциямызда жазылған мемлекеттің басты байлығы халықтың денсаулығына жауапты медицина саласын жетілдіруіміз керек. Президент айтқан, үлгі еткен мемлекеттердің барлығында да медицина ұйымдарын басқарып отырғандар бас дәрігерлер емес, менеджерлер. Олар сол салаға бейімделіп, заң мен экономиканы бес саусағындай білетін мамандар. Бізде де солай болуы тиіс. Бірақ оған уақыт керек. 5-10 жылда сондай болады. Ақырындап соған келе жатырмыз. 

Тілеухан Әбілдаев: «Медициналық менеджментті меңгеруіміз тиіс»
Болатбек Баймаханов: «Трансплантацияға дініміз тыйым салмайды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу