Жетісай мектептерінде жаңа жоба жүзеге аспақ

Oinet.kz 01-09-2019 705

Screenshot_46.jpg

Жетісай аудандық білім бөлімінің  басшысы  Тұрсын Мырзалиев 2019-2020 оқу жылында аудан мектептеріне жаңа жоба енгізілетін болады дейді.  Түркістан облысында алғаш рет жүзеге асырылуы көзделіп отырған «Босатылған сынып кураторы» жобасына мектептердің қосымша білім беру педагогтары ғана қатыстырылады. Жобаның ерекшелігі - әрбір қосымша білім беру педагогына бір немесе екі сыныптан бекітіліп, әрбір оқушының жүріс-тұрысы, психологиялық жай-күйі, әлеуметтік жағдайы мен қоғаммен қарым-қатынасы жіті бақылауға алынатын болады. Сынып жетекшілік жалақысы мен үстеме ақысы қоса төленетін қосымша білім беру педагогы өзіне бекітілген сыныптардың оқушыларымен, олардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып, оқушыларға деген бақылау күшейеді.

 «Бұл жоба соңғы кездері жиілеп кеткен кәмелетке толмағандар арасындағы суицид, ерте жүктілік, әлімжеттік, зиянды әдеттерге деген әуесқойлық сынды келеңсіз жағдайлардың алдын алуға үлкен септігін тигізеді. Өйткені, жаңа жобада әрбір сыныпқа бекітілген қосымша білім беру педагогы ешқандай сабақ бермейді, оның міндеті – оқушылардың тәрбиесімен, психологиялық жағдайымен жұмыс істеу. Солай болса да ол мұғалімнің сынып жетекшілік жалақысы үстеме ақысымен төленетін болады», - дейді аудандық білім бөлімінің басшысы.

 


«Ядросыз әлемге қадам»
Конституция күнінде мектеп ел игілігіне берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу