«Ғажайып қарбыз»
Кез-келген жеміс, көкөніске ең басты қажетті азық ол су және топырақ. Сусыз бірде-бір өсімдіктің өспейтіні тағы бар. Алайда түркістандық диқандар тың әдісті қолға алып, сусыз қарбыз өсіруде. Ертегі дерсіз?! Бірақ бұл шындық. «Ғажайып» қарбыз бүгінде алғашқы жемісін беріп үлгерді.
Бұл тәжірибені ғалым Бердияр Қалымбетов Бірлесу ауылдық округінде жүзеге асырып отыр. Қарбыздың ұрығын көрші Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысы Жанбай ауданынан әкелінген. Аталған егіннің ерекшелігі ұрық ерте көктемде ылғалға егіліп, сол сәттен пісіп жетілгенше су ішпейді. Дәмі де кәдімгі қарбыздан еш айырмашылығы жоқ. Қарбыздың су қажет етпейтінінің ұтымдылығы - ауданның суару мүмкіншілігі болмаған жерлерде егін шаруашылығын тиімді пайдалану. Келес ауданының климаты құрғақ, жазы ыстық болады. Сондықтан аталған қарбыз нағыз құрғақ өңірлерге арналған. Алдағы уақытта ғалым аталған тәжірибені басқа да ауданның диқандарына үйретіп, егістік алқабын кеңейтуді көздеп отыр.