Қазақ тілі - ортақ тіл!

Oinet.kz 28-08-2019 633

Screenshot_36.jpg

Қазақ тілі – баршамызға ортақ құнды тіл. Мемлекеттік тілді елімізде өмір сүріп жатқан әрбір азамат білуі тиіс. Ана тілімізді өзге этнос өкілдері арасында насихаттау мақсатында Шардарада «Жастар жылына» орай «Тіл мерейі» атты аудандық байқау ұйымдастырылды.  Мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген өзге этнос жастарын анықтау және ынталандыру, мемлекеттік тілдің беделін артыру мақсатында өткен шараны  Шардара аудандық «тілдерді оқыту және дамыту орталығы ұйымдастырды. 

 Аталмыш шараға сегіз үміткер қатысып, мемлекеттік тілде бар өнерін ортаға салды. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы айналымда қатысушылар ұяшықта жасырылған салт-дәстүр жайындағы сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Кейін кез-келген жанрдағы қазақша мәтінді мәнерлеп оқыды. Үшінші кезеңде қазақ тілінің лексика мен грамматикасынан тест тапсырып, қазақтың ақын-жазуашыларының шығармаларын орындады.

    Шардара аудандық тілдерді оқыту орталығының мұғалімі Маржангүл Жұбаева алдағы уақытта мұндай сайыстар жалғасын табады дейді.


Көше жөндеу көруде
Полицейлер «жолда қабылдады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу