53 мың оқушы мектеп табалдырығын аттамақ

Oinet.kz 26-08-2019 689

Screenshot_30.jpg

Түркістан қаласында  «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында Түркістан облысында педагог қызметкерлердің облыстық Тамыз кеңесі өтті деп хабарлайды облыс әкімі баспасөз қызметінің мамандары.

Конференцияның мақсаты – білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістер мен өзекті мәселелерді, оның шешу жолдарын қарап, тәрбие мен білім сапасын көтеру сияқты басты міндетті талқылау. Еліміздегі мектеп оқушыларына сапалы білім алуға қажетті жағдай жасау; білім деңгейін көтеру; мамандар әлеуетін арттыру;білім мазмұнын жаңарту; Қазақстандық білім беру жүйесінің даму стратегиясын айқындау.

Кеңеске Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, облыс мәслихат депутаттары, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің өкілі, аудан-қала әкімдері, аудандық-қалалық білім бөлімдерінің басшылары, педагогтер, қоғамдық ұйым басшылары, ата-аналар, комитет төрағалары мен БАҚ өкілдеріқатысты. Жиында алғы сөзді алған облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев өткен оқу жылындағы жетістіктер мен нәтижелерді атап өтті.

Сондай-ақ Тамыз кеңесінде облысымыздың үздік педагогтары мен ардагерұстаздарға «Алтынсарин» және «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, ҚР Білім және Ғылым министрінің және Түркістан облыс әкімінің алғысхаттары табыс етілді.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында 1-сыныпқа 53 мың оқушы келеді деп күтілуде.


ТҮРКСОЙ-дың Түркістанға сыйы
2025 жылға дейін 184 мектеп салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу