Теріскейдің диқандары жарап тұр

Oinet.kz 26-08-2019 575

Screenshot_27.jpg

Созақ ауданының бағбандары өткен жылы қауын-қарбыз егіп, экспортқа шығарған болатын. Бұл істі биылғы жылы да қолға алып отыр. Созақ ауданының диқандары 15 келіден асатын қарбызды егіс алқабынан жинап алуда. Бұл туралы Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

     Мамандар  шаруалар биылдан бастап қауын-қарбыздарын шетелге саудалайтын болады дейді. Диқандар биыл жалпы 107 гектар аумаққа бақша өнімдерін отырғызыпты. Оның 40 гектарына қауын егілсе, 66 гектардан астам жерге қарбыз көшеті отырғызылған. Мәселен, аудандағы 3 шаруа қожалығы бірігіп, биыл 600 тоннадан астам өнімді экспортқа шығармақ. Ал өткен жылы бір ғана серіктестік 10 гектар жерінен 250 тонна өнім алған. Сол өнімінен азғантай көлемде шетелге жіберген. «Тапқан табыс та көл-көсір болған еді», – дейді шаруалар. Айта кетейік, Созақ ауданының табиғаты ерекше. Қысы қатал болатындығына қарамастан тұрғындар мал шаруашылығымен айналысады. Түйе бағып, оның сүтін өндіреді. Ал бау-бақша ұстап, одан өнім алып экспорттау Созақ ауылының шаруалары қолға алып отыр. Созақ ауылы округінің әкімі Батырхан Аяповтың айтуынша,3 шаруақожалық бірігіп, 600 тоннадан аса өнімді экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Ендігі 2020 жылға тағы 3 шаруа қожалық қосылатын болады.Бүгіннде қарбызды экспортқа шығарып, жақсы табысқа ие болды. Негізінен, бақша өнімдерінің көбі Ресейге барады. Жергілікті тұрғындардан да сұраныс көп. Соның ішіндеҚазақстанның ішіне жәнесолтүстік өңірлерге барып жатыр.


Инвестиция көлемі артқан
206 жоба іске асуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу