Түркістанда фронт офис ашылды

Oinet.kz 24-08-2019 735

Screenshot_23.jpg

Қазақстан Үкіметі барлық аймақтарда инвесторларды сүйемелдеу бойынша фронт офистер қызметін жүзеге асыру ережесін бекіткен болатын. Осы орайда Түркістан облысында «TURKISTAN INVEST» фронт офисі құрылды. Ол инвесторларды тарту және сүйемелдеу, сондай ақ, экспортты дамыту жұмыстарын атқаруда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше фронт офис инвестордың құжат жинау және дайындау процесіне қатысуын азайту және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейді.

«Қазіргі уақыт инвесторлар және экспорттаушылармен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілін талап етеді. Инвестиция және экспорт параллельді түрде дамуы тиіс бағыттар, себебі шетелдік инвесторларды тарта отырып, экспорттаушылар үшін әлемдік нарыққа жаға жол ашылады. Осылайша, еліміздің экспорт географиясын айтарлықтай кеңейту мүмкіндігі пайда болмақ. Осының негізінде өңірде аймақтық экономиканы дамыту саясатын әзірлейтін Инвестициялар және экспорт басқармасы құрылды. Сондай-ақ осы екі бағытты «бір терезе» режимінде жұмыс істейтін фронт-офиске біріктіру тиімді», – дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

  Енді Түрістанды түлетуге ниет танытқан инвесторлар үшін ешқандай кедергілер жоқ. 


Маман керек болса...
Облыстың экономикалық әлеуеті жақсарып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу