Жәдігерге жанашырлық таныту керек

Oinet.kz 07-08-2019 799

Screenshot_4.jpg

«Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде»  музейдің  құрылғанына 40 жыл толуына орай «Жәдігер жанашырлары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты көпшілікті 1979 жылы құрылған музейдің тарихымен таныстырып, осы жылдар аралығында қызмет істеген музей ардагерлерінен тәлім-тәрбие аларлық кездесу ұйымдастыру. Музей мамандарына, болашақ жастарға үлгі боларлық еңбектерінен тәжірибе бөлісу болып табылады.

Кездесу сипатында өткен бұл іс-шараға музей ардагерлері, Әбу Насыр әл-Фараби – Руханият мұражайының, Жастар ресурстары орталығының, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің директоры С.Ә. Көзейбаев кездесудің жастар үшін маңыздылығын, музей ісінің алға қарай жанданып ілгеруіне музей ардагерлерінің де ой-пікірлерінің маңыздылығын айта келе, дөңгелек үстелді ашып берді, сөз алған әрбір музей жанашырларының ұсыныс, пікірлерін мұқият тыңдап, алдағы уақытта да сол кісілермен тығыз байланыста жұмыс жасауға болатынын айтты. Жиын барысында сөз кезектері Отырар музейінің ғылыми кеңесшісі, археолог ғалым, бұрынғы директор қызметін атқарған Н.О. Алдабергеновке, мәдениет саласының майталманы, ұзақ жылдар бойы Аудандық мәдениет бөлімін басқарған Е. Қалмановқа, мәдениет қайраткері, Әбу-Насыр әл-Фараби – Руханият музейінің негізін қалаған А.Жұмашовқа, қатысушы барлық музей ардагерлеріне берілді.

 Іс-шара соңында музей ардагерлері үшін арнайы дайындалған слайд көрсетіліп, еске аларлық қызықты әңгімелер жалғасын тапты.  Келген қонақтар музей кітапханашысы Н. Әбдірәлінің дайындаған кітап көрмесін тамашалады.


Ақбура кесенесіне саяхат ұйымдастырылды
Түркістанның тарихын танытқан тур
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу