23 көше жөнделеді

Oinet.kz 06-08-2019 700

Screenshot_21.jpg

Келес ауданының орталығы Абай ауылында ағымдағы жылға «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен 23 көшені орта жөндеу жұмыстары қарқын алды. Аудан әкімінің баспасөз мамандарының айтуынша Абай ауылына кіре беріс тұсындағы көшелер А.Мамытбайұлы көшесіне суағар обектілері жеңімпаз мердігер мекеме тарапынан әкелініп орналастыру жұмыстары жүруде. Сондай-ақ аталған көше бойына аяқжол және жарық шамдары мен қатар асфальт төселу жұмыстарына да дайындық жүруде.  А.Шаназаров көшесі де асфальтталуға көше бойы тегістеліп, жөндеу жұмысы жүруде. 

Аудандық жол мамандарының мәліметінше алдымен осы уақытқа дейін жөндеу көрмеген көшелерден бастау алған құрылыс жұмыстары алдағы қазан айына аяқталуы жоспарлануда. Жалпы аудан орталығында орта жөндеуден өтетін 23 көше анықталып, олар: Т.Рыскұлов, Д.Қонаев, Алданазанов, Т.Тұмышев, С.Малдыбеков, Кыш зауыты, Даулет, Ырысты, А.Молдагұлова, Құрылыс, Б.Ермеков, Б.Оспанов, Т.Рысқұлов тұйық көшесі, Б.Қырғызалиев, Өркениет, Абай көшесінің екі тұйық көшесі, Наурыз, Абай, Кырғызалиев, А.Мамытбайұлы, Шаназаров және Шығыс м/а көшелеріне жалпы 28,19 шақырым жолға биыл орта жөндеу жұмыстары жүретін болады. Ал Келес ауданының жалпы елді мекендердегі ішкі көшелердің әр түрлі деңгейдегі жол жөндеу жұмыстырына аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, 59 – шақырым, яғни 32 көшенің жөл жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңімпаз мердігер мекемесі анықталған соң, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. 


Арыстық оқушыларды мектепке қамдады
Түлкібаста спорт кешені ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу