Сегізқырлы мемқызметшілер марапатталды

Oinet.kz 06-08-2019 560

Screenshot_19.jpg

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Түркістан облысында мемлекеттік қызметшілерді шығармашылық тұрғыда қолдау, сондай-ақ оларды қоғам алдында жаңа қырынан таныту мақсатында дарынды мемлекеттік қызметшілер арасындағы шығармашылық сайыс ұйымдастырылған болатын. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті ұйымдастырған облыстық сайыста барлығы 6 қатысушы жеңімпаз атанса, жүлденің тең жартысын мақтааралдық мемлекеттік қызметшілер қанжығасына байлады.

Жеңімпаздарды жақында  аудан әкімі м.у.а. Бейсенбай Төребеков арнайы марапаттады. Аудан басшысы жүлдегерлерге Департаменттің дипломын табыстап, өзінің жылы лебізін жеткізді.

"Мемлекеттік қызметшілердің шығармашылықпен айналысқаны - өздерін жан-жақты дамытқаны. Сондай-ақ, шығармашылық - адамның есте сақтау мен ойлау қабілетін жоғарылатады. Сондықтан, мақтааралдық мемлекеттік қызметшілердің шығармашылық сайыстан жүлделі орындардан көрінуі - біздің ауданымыз үшін үлкен қуаныш!" - деді Бейсенбай Тасболатұлы.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған облыстық шығармашылық сайыста Бақберген Дамирұлы, Нұрдәулет Мұқанәліұлы, Сәкен Беласарұлы І орынды, Мадияр Асанұлы ІІІ орынды алғаны үшін және Ырысбек Қошқарұлы белсенді қатысқаны үшін марапатталды. Осылайша Мақтаарал ауданының мемлекеттік қызметшілері өздерін жаңа қырынан таныта білді.


Ауылына мешіт салып берді
Арыстық оқушыларды мектепке қамдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу