Айналаны айнадай етті

Oinet.kz 30-07-2019 593

Screenshot_3.jpg

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен Түркістан облысы аумағында өткізілетін «Бірге-Таза Қазақстан!» атты экологиялық акциясының жоспары бойынша, Ордабасы ауданы аумағындағы 10 ауылдық округтердің санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына аудан бойынша барлық мемлекеттік және облыстық бағынысты мекемелер, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар тыс қалмады. Тіпті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б. Қырықбаев, облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Қ. Төлебаев экологиялық сенбілікке қатысып,аудан тазалығына өз үлестерін қосты. Бұл туралы Орбадасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

    Сенбілікке тұрғындар таңғы сағат сегізден бастап кірісті. Аудан тазалығына ат салысқан 1200-дей азамат әп-сәтте 74,6 шақырым көшені айнадай етіп тазалап қойды. Берекетсіз күл-қоқыстар жойылып, 12,9 тонна қоқыс шығарылды. 1547 дана ағаштар әктеліп, 22,2 шақырым аяқжолдар тазаланды. 10,3 шақырым өзендердің, көпірлердің, каналдар мен бұлақтардың арналары тазаланды. Аудан бойынша 22 автобус аялдамалары әктеліп сырланды.

    Мамандардың мәліметінше аудан бойынша 10 ауыл округке, Қажымұқан ауыл округі Темірлан ауылында орналасқан Арыс өзенінің жағалауына тазалық жұмыстары жүргізілген. Сенбілікке жалпы 15 техника тартылды. 


Көше билерімен кездесті
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу