Ауылын «жап-жарық» етті
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек», – деген еді.
Кез-келген ауылға қарап, ол аймақтан шыққан азаматтың қандай екенін аңғаруға болады. Осындай азаматтың бірі Әбілхан Дауылбаев. Түлкібас ауданы, Иірсу ауылының тұрғындары жеке кәсіпкерге дән риза. Себебі Әбілхан ағамыз Иірсу ауылынан ертеректе аудан орталығана көшіп кетсе де, ауылын еш қашан ұмытқан емес.
Биылғы жылы туған ауылына демеуші болып, 9 млн. теңгеге соңғы үлгідегі 64 дана түнгі жарық шамдары мен 64 дана жаңа темір бетонды электр бағаналарын орнатқызып, СИП сымын тартып берген.
Айта кетейік, Түркістан облысы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасын жүзеге асыру бойынша елімізде көшбастап тұр. Жоба бойынша 2017 жылы құны 6 млрд. теңгеден астам қаражатқа 473 жоба жүзеге асырылған. Ал 2018 жылы демеушілер тарапынан құны 3 млрд. 386 млн. теңгені құрайтын 97 нысан іске қосылған болатын. Аяқталған 97 нысанның – 28 білім мекемелерінің құрылысы және 3-і қайта жөндеу, 2-еуі медицина мекемесі құрылысы, 12-сі спорт нысандарының жаңа құрылысы және 2-еуі спорт алаңынқайта жөндеу. Сонымен бірге 15мәдениет нысанының құрылысы жүргізіліп, 5 нысан қайта жөндеуден өткен. Абаттандыру бойынша 30 жоба іске асырылған.