Шетелдіктер Қасқасуды дамытуға нетті
Төле би ауданындағы Қасқасу елді мекені көрсең көзің тоятын нағыз табиғаттың сыйы дерсің. Туризмге сұранып тұрған таулы аймақта тау-шаңғы курорты орналасқан. Қазақстанда туризмді дамыту жөніндегі 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында «Қасқасу» тау шаңғы курортының жобасы республикалық маңызы бар «Қазақстанның туристік картасы» ТОП – 50 нысанының тізіміне енді.Сондай-ақ Түркістан облысын дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілген болатын.
Жақында Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтың басшылығымен «Қасқасу» тау-шаңғы курортын дамыту бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстелге» мемлекеттік органдар, Dianeige France, STEM International France,MND Group Franceсияқты халықаралық компаниялардың сарапшылары, РФ және ҚР халықаралық шаңғы федерациясының инспекторлары және қазақстандық компаниялар «Гео дата плюс» ЖШС және «ASP Project company» ЖШС қатысты.
Жиында сөз алған Фрере Эдди «MND Group France» компаниясының директоры Фрере Эдди жобаның техникалық экономикалық тұрғыдан тиімді жасалынғандығын және өңірдің дамуына зор үлес қосатын айтса, Халықаралық шаңғы ферерациясының инспекторы Андрей Обыскалов жоба әлеуетін ескере отырып жүзеге асқанда құрылықтық және халықаралық шаңғы іс-шаралар өткізуге мүмкіндік бар екендігін жеткізді.
Жоба бұған дейін халықаралық деңгейде қызу талқыланған болатын.Бүгінгі таңда CG Group компаниясы қонақ үй кешендерін салуға қызығушылық танытып отыр.
Қазіргі заманғы тау-шаңғы курортының құрылысы өңірдегі жаппай тау-шаңғы спортын дамытуға серпін береді, отандық туризм индустриясы қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, Түркістан облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде келушілер саны 110 мыңнан 140 мың адамға дейін артады деп күтілуде.