Жүгіріп, үлгі көрсетті
Бүгінде әлем елдері бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Себебі спорт денсаулықтың кепілі ғана емес адамдардың өмір сүру жасын да ұзартып, қоғамның демографиясына айтарлықтай үлес қосады.
Жақында Төле би ауданында ерекше шара өтті. Нақтырағын айтқанда "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында Тасарық ауылдық округінде Тасарық ауылының 1981 жылғы азаматтарының ұйымдастыруымен Қаратөбе-Шымкент тас жолының бойында жеті шақырымға жүрігуден жарыс өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке , жылдамдылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен жарысқа Тасарық, Оңтүстік ауылының жастары қатысты. Жарыс өз дәрежесінде қызықты өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар демеушілер есебінен қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Атап айтқанда бұл жарыста өзгелерден озық шыққан Д.Жолдас бірінші орынды иеленді. Жеңіспазға қошқар жəне 20000 тенге көлемінде сыйлық табысталды. Екінші және үшінші орынды қанағат тұтқан қатысушылар ға да ақшалай сыйлық берілді. .Жарыс соңында ауыл жастары ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Осылайша ауыл тұрғындары өзінен кейінгі жас ұрпаққа үлгі болырлық іс көрсетіп, жас пен кәріні спортқа шақырды.