Рухани жаңғыру - тарихты жаңғыртудан басталады

Oinet.kz 14-07-2019 712

Screenshot_1.jpg

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында  ұлттық сана мен тарихтың рөліне бас назар аударып,  бірнеше міндеттерді айқындап берген болатын. Оның ең негізісі ұлттық терең тарихынын бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу, дәстүрімізді жаңғырту болып табылады. Осы орайда Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен "Тарихи сананы жаңғырту" атты дәріс өтті.

 Тарих ғылымындағы «тарихи сана» деген ұғымның мәні зор, тұтастай бір ұлттың сана-сезімін,тарихи жадын қалыптастыратын тәрбие құралы – сол ұлттың төл тарихы екендігі даусыз екені мәлім дейді ұйымдастырушылар. 

«Біздің мақсатымыз ұрпаққа, келешек жастарға ұлттық тарихымызды таныту. Рухани жаңғыру ол ақпараттық технология немесе басқадай сән-салтанат емес ол біздің өткеніміз, тіліміз бен дініміз,- дейді  Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Үрзада Айтөреева. 

Жиынға қатысушылар бүгінде жастарға материалдық қана емес рухани азық берудің маңызды екенін баса айтты. «Елбасымыз «мемлекеттің болашағы жастардың қолында» демек пе еді. Демек біз бірінші кезекті жастардың әсіресе патриоттық тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек. Сонда ғана іргесі мықты ел боламыз»,- дейді Қазығұртт ауданының тұрғыны Өмірзақ Мұстафаев. 

Ұйымдастырушылар мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады дейді.  


Сайрамның тіршілігі қуантарлық
Кітапханашылар домбыра шертіп үйренді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу