Ардагерлердің ерен еңбегі еленді
Түркістан облыстық Ішкі істер органдары және Шымкент қалалық Ішкі істер органдары кеңесінің Президиум мүшелері Түркістан облысы Ақсукент елді-мекенінде бас қосты. Негізгі мақсат – қазіргі Түркістан (бұрынғы ОҚО) ІІО-ы ардагерлер кеңесінің іске асырған іс-шаралары туралы шығарылған кітаптың тұсауын кесу. Көптен күткен кітап «Оңтүстік Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің тарихи белестері» деген атаумен жарық көрді. Кітаптың тұсаукесеріне облыстық және қалалық бастауыш ардагерлер ұйымы төрағалары мен белсенді ұйым мүшелері, БАҚ-ы өкілдері қатысып, салтанатты түрде ашылды. Аталған кітапқа өңіріміздің мақтаныштары, генералдар: Қ.Халменов, Ж.Сұлтанов, М.Оразалиевтер енгізілді.
Кітапсүйер қауым, бұл кітаптың әр парағынан облысымыздың ІІО-ы саласында қызмет атқарған ардагерлеріміздің жас ұрпаққа үлгі болар өмір белестерін оқи алады. Сонымен қатар, кеңейтілген жиында Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты «Арыс:Біз біргеміз!» шарасына атсалысқан ІІО-ы бастауыш ардагерлер ұйымдарына алғыс айтылды. Ойда-жоқта жойқын жарылыстың салдарынан үй-күйінен айырылған Арыстық жергілікті тұрғындарға бүкіл Қазақстан, оның ішінде ТО ПД бірнеше бастауыш ардагерлер ұйымы қолдан келгенше қаржылай көмек көрсеткен болатын. Жиында қатысушылар осы азаматтарға ризашылықтарын білдірді.