64 елді мекен ауызсуға қол жеткізеді

Oinet.kz 12-07-2019 544

Screenshot_6.jpg

Су – тіршілік көзі. Су бар жерде береке бар, өнім бар. Жақын күндері қазығұрттықтардың да берекесі  кірмек. Қазығұрт ауданындағы елді мекендерді таза ауыз сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» мемлекеттік бағдарлама бойынша қыруар шаруалар атқарылған. Сонымен қатар ауыл халқын сапалы сумен қамту жұмыстары қарқынды. Енді Қарабаулықтар талай жыл құдық суын пайдаланып келген отбасы өзгелердей таза ауыз су пайдаланатын болады.

Одан бөлек биыл Шарапхана мен Жұмысшы ауылдары да сапалы суға қол жеткізетін болды. Барлығына қаржы бөлініп мердігер мекемелер шаруаға кірісіп кеткен. Қазығұрт ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша  құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, аудан бойынша 64 елді мекендегі 106 мың тұрғынның 101 мың тұрғыны орталықтандырылған ауыз су жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Құрылыс басталғалы ауданның 30 ға жуық азаматтары жұмыспен қамтылыпты. Солардың бірі Сейітжан Әбішев жалақыға көңіліміз толады дейді. «Бұрын Алматы, нұр-Сұлтан қалаларына барып жұмыс іздеуші едік. Туған ауылыңда екі қолға бір күрек табылғаны қандай жақсы. Бастысы жалақымыз жақсы, кешіктірмей беріп тұрады. Аулы тұрғындары да таза су тұтынып марқайып қалатын болды»,- дейді ол. 



Жұмысты ширатуды тапсырды
Орта және шағын бизнес дамып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу