Ауданның кіріс бюджеті ұлғайған

Oinet.kz 10-07-2019 621

Screenshot_11.jpg

Төлеби ауданының әкімі Б.Омарбековтің төрағалығымен ағымдағы жылға ауданның бюджетіне салық салу базасын ұлғайту, салықтар мен алымдардың толық түсуін қамтамасыз ету іс-шараларының барысы туралы жиын өтті.

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың транспорт, мүлік және жер салықтарының берешектерін азайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Жиналысқа аудандық мәслихаттың хатшысы, Төлеби аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық полицияның көші-қон бөлімінің, дербес салалық бөлімдер мен мекемелер басшылары, сондай-ақ, қала,ауылдық округ әкімдері қатысты.

Салық салу базасын кеңейту және берешектерді төмендетуге байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде Төлеби аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы - Өмірәлі Бердіғали төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс, төлем көзінен салық салынбайтын шетел азаматтарының табыстарынан ұсталатын жеке табыс, әлеуметтік салықтары, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтары, POS-терминалдар мен кассалық аппараттар орнату бойынша өзінің баяндамасын жасады.

Жұмысшы топтың қала, ауылдық округтерде жұмыс жасап жатқан жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік нысандарынан түсетін салықтық түсімдеріне талдау жасауы нәтижесінде 2 005,6 мың теңге көлемінде қосымша кіріс көздері анықталып, ауданның кіріс бюджетін ұлғайтқан.

Жиын соңында аудан басшысы әр қала, ауылдық округтерінің әкімдеріне өз аумағында кірістер органында тіркелмей жұмыс атқарып жатқан (ауылшаруашылығы техникасымен қызмет көрсету, такси қызметі және т.б.) жеке тұлғаларды және тұрғын үйлерді жалға беретін жеке тұлғаларды анықтап, кәсіпкер ретінде тіркетуге, қала,ауылдық округтер мен кірістер басқармасының мамандары бірлесіп салық төлеушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді.


Төле биде «Жасыл ел» жасағы құрылды
Отырарлықтарға риза
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу