Елін сүйген жастар бас қосуда

Oinet.kz 08-07-2019 632

Screenshot_13.jpg

Елбасының биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауы жалындаған жастарға біраз мүмкіндірге жол ашты. Атап айтқанда жақында  «Elimdi Suiemin» жалпы республикалық жастар акциясы бастау алды.  Акцияның негізгі мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, жетім балаларды қолдау.  Іс-шара барысында қатысушылар бірнеше бағыт бойынша жұмыс атқармақ. Мәселен балаларға  қамқорлық жасау:ауладағы тозығы жеткен ойын алаңшаларын жөндеу, ағылшын тілін тегін курстар ұйымдастыру,   спорт клубтарын, заттарды жинау және т.б.). Екінші бағыты:  зейнеткерлерге, жалғызбасты қарттарға қол ұшын созу. Атап айтқанда:  үй шаруашылығына көмек, ағаш кесу, жөндеу, бояу және т.б. Үшінші бағыты: қайырымдылық жасау , қан тапсыруды ұйымдастыру. Төртінші бағыты: туған жерді жақсарту. Яғни ағаштарды отырғызу, қасиетті жерлерді тазалау және көгалдандыру жұмыстары. 

Көрсетілген ережелерге сәйкес осы жоғарыда аталған шараларды ұйымдастырған жастар бейнероликтер мен фотосуреттерін әлеуметтік желідегі арнайы  хештегтерде жариялай алады. 

-Құрметті жастар «Елімді сүйемін!» атты ізгі шара жас ұрпақтың жүрегінде қасиетті Отанымыз – Қазақстанға деген сүйіспеншілік сезімін асқақтату, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатын көздейді. Еліміздің патриоты екенімізді көрсететін мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар,-делінген осы шараны ұйымдастырушылар. 

Бүгінде әр ауданнан жиналған жастар шараға белсене қатысып, туған жерге қызмет етуде. 


Арыста жағдай тұрақты
«Бастау» бизнес бастауға көмектеседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу