Арыста жаңа аурухана салынады

Oinet.kz 07-07-2019 685

Screenshot_15.jpg

Премьер-министр Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері апаттан кейінгі Арыс қаласының жағдайын білуге арнайы келді. Оқиға орнын аралап көрген Үкімет жетекшісімен бірге Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аудандық орталық аурухананың ахуалымен танысты. Нәтижесінде Арыста жаңа аурухана салынатыны мәлім болды. 

Ал, осы аптада Арыстағы апаттан зардап шеккендердің басым бөлігі ауруханадан шығарылды. Бұл туралы облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы әлеуметтік парақшасында хабарлады. 

Басқарманың келтірген дерегіне сүйенсек, Түркістан облысының ауруханаларында 34 науқас ем қабылдауда. Төтенше жағдай орын алған күннен бастап 300-ге жуық адам дәрігер қарауында болды. Олардың басым бөлігі медициналық қаралумен шектелген. 

«Соңғы бірнеше күнде 40-тан астам науқас дертінен толық айығып, аман-есен отбасына оралды. Ал, облыстық клиникалық ауруханада 30-ға жуық науқас бар, облыстық балалар ауруханасында 4 бала дәрігерлер бақылауында. Бір баланың жағдайы ауыр. Қалған балалар үйлеріне ораулға дайын. Дәрігерлер тәулік бойы күшейтілген жағдайда жұмыс істеуде» делінген басқарма таратқан мәліметте. Олар зардап шеккен азаматтар үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда. Медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. 

Түркістан облысының дәрігерлері бір күндік жалақыларын Арыс жарылысынан жапа шеккен жандарға арналып ашылған қорға аударды. Сондай- ақ, жергілікті дәрігерлер арыстық азаматтарға арнап қайырымдылық шарасын өткізді.


Израильдік компаниялармен тәжірибе алмасты
Күзге дейін 1,5 мың пәтер үлестіріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу