Қос қызмет бір мереке

Oinet.kz 28-06-2019 749

Screenshot_3.jpg

Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов өз қызметінде жүріп ерлік көрсеткен құқық қорғау органының өкілдеріне құрмет көрсетіп, мінсіз еңбек еткен мемлекеттік қызметшілерді марапаттады. Мереке кезінде сөз алған аудан әкімі алдымен аймақтық полицияның жұмысына тоқталып кейін, мереке иелерін арнайы құттықтады. «Халқымыз кез-келген мәселеде бірінші мемлекеттік қызметшілерге келеді. Сол себепті біз осы салада еңбек етіп жүрген соң міндеттіміз. Сол халықтың сенімін ақтап жұмыс істеуге. Өзіміздің жүріс-тұрысымызбен, үлгі болуға. Тура полиция саласында да солай»,- деді Е.Айтаханов.

Марапат алып марқайғандардың ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 40 жылға жуықтағандармен бірге жас мамандар да баршылық. Бұл ауданда мемлекеттік қызметте жас кадрларға да көптеп көңіл бөліне бастағанын білдіреді. Өйткені, соңғы уақытта Отырарда қызметке жас мамандарды тарту ісі қарқынды. Оған мысал соңғы екі жылдың өзінде аудандық бөлімдерге 20-дай жас маман қызметке алынған. Биылғы мереке қарсаңында солардың бір парасы марапат биігінен көрінді.

Жас мамандарды жұмысқа алу үрдісі аудандық полиция басқармасында да жүруде. Соңғы уақытта отырарлық жеке құрам бірнеше жас мамандармен толыққан. Сонымен қатар соңғы жылдары ұлылар мекенінде полиция жұмысының жақсара бастағаны байқалады.


 


Керуен шеру – тарихты танытпақ
Жүзім өсіруден тәжірибе алмасты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу