Дәрігерлер жарысты

Oinet.kz 27-06-2019 679

Screenshot_27.jpg

Түркістанда медицина қызметкерлерінің арасында облыстық спартакиада өтті. «Дені сау дәрігер – дені сау пациент» деген ұранмен өткен жарысқа аудан, қалалардан жиналған денсаулық саласының мамандары қатысты. Ақ халаттарын жаттығу киіміне, кабинет пен палатаны спорт залына алмастырған дәрігерлер осылайша өзгелерге салауатты өмір салтын насихаттады.  «Спартакиаданың мақсаты – медицина қызметкерлері арасында жеткілікті дене белсенділігін арттыру, дене белсенділігімен айналысуға медицина қауымын жұмылдыру, олардың өз денсаулықтарына ортақ жауапкершіліктерін, сонымен қатар халық арасында дене белсенділігі мен спортты насихаттауда үлгі болуға шақыру»,- дейді Түркістан  облыстық денсаулық сақтау басқармасының  бөлім басшысы Салтанат Жамалова. 

Спартакиада да  шағын футболдан 8  волейбол және арқан тартудан 6 командадан қатысты.

«Біз басқарма атынан футболға қатысуға келдік. Ұлттық бағдарламаға біз де өз үлесімізді қосайын дедік», - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Естай Жақаев. 

   «Қайрат»  спорт кешенінде өткен жарыста жеңімпаз командалар кәсіподақ тарапынан арнайы сыйлық пен марапаттарға ие болды.


Отырарда Қасым хан туралы фильм түсірілмек
Егінге орақ түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу