Мақтааралдың бюджеті сараланды

Oinet.kz 24-06-2019 443

Screenshot_18.jpg

Мақталы аймақтың бүгінгі тыныс-тіршілігі, алдағы жоспарлары қандай? Бұл мәселені жақында Мақтаралда алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың елу екінші өткен сессиясында халық қалаулылары талқыға салды. Күн тәртібінде кенттер мен ауылдық округтердің 2019-2021 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселелер де қаралды.

Мырзакент кентінде өткен басқосуда 2018 жылғы бюджеттің есебін аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков баяндады. «2018 жылдың бюджеті Мақтаарал ауданы бойынша өте сапалы деңгейде орындалды деген Түркістан облысының тексеру комиссиясы баға берді. Жалпы 2018 жылдың бюджеті Мақтаарал ауданында өзіндік кірістері бойынша 103/6 пайызға,  яғни 53 миллион артығымен орындалса, шығыс бөлігі 46 миллирдты құрап 99\9 пайызға яғни    12миллион үнемделген есебімен толығымен өте сапалы орындап шықты»,- дейді Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков.

Ал, биылғы жылы облыстық бюджеттен ауданға  800 миллион теңге бөлінген. Сессия барысында бұл қаржының біраз бөлігін Мырзакент кентін абаттандыруға,  кенттегі кітапхананы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсау туралы шешім қабылданды.

Жиында сонымен қатар 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы шешіміне өзгерістер енгізу, кенттер мен ауылдардың әлеуметтік жағдайы, мәдениет спорт саласы және тұрғындардың жан жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қозғалды. 


«Жас кәсіпкер» қанат бітірді
Сирек кәсіпті қолға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу